Елдіктің сынға түсер шағыБіз бүгін аса маңызды саяси оқиғаның алдында тұрмыз. Сайлау – елдігіміздің сынға түсер шағы. Санаулы күннен кейін халқымыз өзінің болашағы үшін дауыс береді. Осы орайда үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері «Nur Otan» партиясының өкілдері әр аудан, әр ауылға ат басын тіреп, жергілікті жердегі халықтың өтініш тілегін тыңдап, партияның ел игілігін арттыруды көздеген жоспарымен таныстыруда.Облыстық сайлауалды штаб бекіткен кестеге сай «Nur Otan» партиясының өкілдері Қарағанды облысында жүздеген елді мекенге барып, тұрғындарымен әртүрлі форматта кездесулер өткізді. Соның ішінде біз де бірнеше аудан, қала тұрғындарымен жүздестік. Қарқаралы ауданында әріптесім, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ләззат Қожахметовамен бірге тұрғындардың сұрақ…