Маңызды кездесу
Бүгін Павлодар аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Дариға Қаржауова мен Еламан Асылбеков Кемеңгер ауылының білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет қызметкерлерімен кездесу өткізді.Кездесуді ашқан модератор Дариға Қаржауова ауыл тұрғындарына партиялық сайлауалды бағдарламаның жеті басымдығы туралы айтып, нақты істер партиясына дауыс беруге шақырды."Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын негізінен праймериз кезінде жиналған азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстары құрады. Сол кезде біз партия мүшелерімен де, халықпен де кездестік, - деді Дариға Қайроллақызы.Одан кейін үміткер партиялық әлеуметтік жобалар жайында ақпарат берді.Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше назар аударылатын болады. "Бақытты отбасы", "Ардагерлерді ардақтайық" п…