«Nur Otan» - нақты істер партиясы
Жарма ауданына 28 желтоқсанда «Nur Otan» партиясының республикалық және аймақтық сайлауалды штабының мүшелері Ерлан Рысқали мен Айтқазы Шерубаев сайлауалды үгіт-насихат шаралары аясында келіп, сайлаушылармен кездесті. Штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Қуаныш Сүлейменов мен Анаргүл Қабдрахманова және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Құрма Төлеубаева, Мейірхан Оспанбаевпен бірге «Шалабай» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілеріне тоқталып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдағы бірлік пен келісім, еліміздің халықаралық аренадағы беделін нығайтудағы және дамытудағы «Nur Otan» партиясының жетекші рөлі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, штаб мүшелері мен ү…





