Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Ұ.Ш.Тумашинов келді.

Ауданымызға "Nur Otan" партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер, облысымыздағы құрылыс саласында танымал кәсіпкер, меценат Тумашинов Ұлықбек Шабданұлы келді. Төменгі палата депутаттығына кандидат Қалбатау ауылында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында баспаналы болған көп балалы отбасылардың шаңырағында барды. Алдағы саяси науқан жайында пікір алмасып, ұсыныс-тілектері назарға алынды. Сонымен қатар, Ұлықбек Шабданұлы Ұлы Отан соғысының ардагері Н.Загидуллинді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қал-ахуалымен танысты. Еліміздегі 10 қаңтарда өтетін сайлау жайында ой бөлісті.

Келесі кезекте үміткер Б.Тұрлыханов атындағы спорт кешеніне барып, ұжым мүшелерімен кездесті. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын баяндап, алдағы өтетін сайлауға белсенді түрде қатысуды үгіттеді.

0
0
196

Осы тақырып бойынша

Ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Ұ.Ш.Тумашинов келді. - Yvision.kz