Мазмұнға өту

Жаңа

Тұрақтылығымыздың қадірі...

Тұрақтылығымыздың қадірі...Бүгін отбасымның ортасында отырып Тәуелсіздік алғалы бері 30 жылда елімнің жүріп өткен сара жолы туралы көп ойландым.Осы жылдар бойы Елбасымыздың жетекшілігімен Қазақстанның айналасына «тату көршілік белдеуі» түзілді. Алғаш рет еліміздің құрлықтағы 13,4 шақырым және судағы 2,3 шақырым шекарасы халықаралық келісімдермен бекітілді.Осы арқылы басқа мемлекеттермен ынтымақтастық орнатып, көлемі 350 млрд доллардан асқан шетелдік инвестицияларды тарттық. Нарықтық экономикамыз жаңадан құрылып, еліміздің әлеуеті артты.Мен өз замандастарым секілді елді экономикалық дағдарыс жайлаған 90-жылдарды жақсы білемін. Сол үшін де бүгін тәуелсіздігімізді, әр азаматы кәсіби, шығармашылық және басқа да салада өзін дамыта алуға мүмкіндік беретін елдегі саяси және экономикалық тұрақтыл…

Нұрлыбек Ожаев, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылау мақсатында брифинг өткізді.

8 қаңтарда, «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Атырау облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Нұрлыбек Ожаев, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылау мақсатында брифинг өткізді. Жиын барысында осы уақытқа дейін жасалған шаралардың есебі берілді. «Сайлауалды науқан кезеңінде Атырау қаласы мен 7 ауданда яғни барлығы 164 елді мекенде 14 әлеуметтік стратты қамтыған, 722 іс-шара өткізілді. Әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне, дамуына барлық мүмкіндіктері қарастырылған біздің бағдарламамыздың бағыты айқын, болашағы жарқын. «Nur Otan» партиясы елдің жетекші саяси күші ретінде, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмыс істейтін болады»,- деді Нұрлыбек Ожаев баспасөз мәслихатында.

0
0
105