Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur-Otan ауыл адамдарын қолдайды

Nur-Otan ауыл адамдарын қолдайды

Мен Жылыой ауданында туып-өстім, ауылда бірнеше ұрпақ бойы мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан көптеген туыстарым мен достарым әлі де өмір сүріп жатыр.

Елге барған сайын даламыздың көкжиегіне көз жүгіртіп, тыныштықтағы ауылдың сұлулығына таң қалам.

Пандемия мен оның салдарынан орын алған экономикалық дағдарыс ауыл шаруашылығы саласының, табиғи өнімдермен тамақтанудың артықшылығын көрсетті.

Сондықтан мен Nur-Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында ауқатты ауылдарды қалыптастыру бойынша кешенді шаралар көзделгеніне ризамын.

📷 Ауылдарда кооперацияны ынталандыру, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шикізатты қайта өңдеуге тапсыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және сату бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру бойынша шаралар қабылданады

📷 Ветеринариялық, фитосанитариялық және карантиндік қызметтерді халықаралық талаптарға сай қайта жаңғырту жалғасады.

📷 Ауыл шаруашылығы саласын ғылыми зерттемелермен қамтамасыз ету бойынша аграрлық ғылымға нақты мақсатты индикаторлар әзірленеді.

📷 3500-нан астам ауыл жаңғыртылып, әр тірек ауылға дейін 27 мың шақырым жергілікті жолдар жөндеуден өтеді.

📷 Жыл сайын ауылдық жерлерде инженерлік желілермен қамтамасыз етілген, тұрғын үй салуға арналған 22 мың жер телімі беріледі.

0
0
126

Осы тақырып бойынша

Nur-Otan ауыл адамдарын қолдайды - Yvision.kz