ZOOM платформасында «ҚЭЗ» АҚ бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті
Бүгін ZOOM платформасында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесу аясында «Nur Otan» партиясының БПҰ жұмысының басым бағыттары, сондай-ақ 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселе қаралды. Қатысушылар қазіргі заманның сын-қатерлеріне қарамастан, «Nur Otan» партиясы елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті. Басты мақсат – әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін партия бағдарламасы жұмыстың бірнеше жаһандық бағытын көздейді. Оның ішінде бұл Павлодардың тұрақты экономикалық дамуы үшін жағдай жасау, қаланың инфрақұрылымын жақсарту және оның әлеуметтік бағдарлануы. Мысалы, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын ү…