Кадр сағаты
20.01.2021 жылы персоналды басқару жөніндегі маман Ә.Р. Айтуарова Қостанай облысының мемлекеттік ұйымдарының кадр қызметі өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік қызмет департаменті дәстүр бойынша ұйымдастырған "Кадр сағаты" кеңесіне қатысты. Кеңес барысында 2020 жылғы, оның ішінде "Е-қызмет" жүйесіндегі жұмыс қорытындылары талқыланды. Мемлекеттік қызмет департаментінің өкілдері Еңбек департаментін 2020 жылдың қорытындысы бойынша "Е-қызмет" жүйесінде белсенді жұмыс жүргізетін мемлекеттік орган ретінде атап өтті. Сондай-ақ, кеңесте "Е-қызмет" жүйесіндегі жұмыс бойынша проблемалық мәселелер талқыланды. "Е-қызмет" жүйесі арқылы мынадай мақсаттарға қол жеткізіледі: мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерінің қызметін автоматтандыру; кандидаттар мен мемлекеттік қызметшілерді тестілеу нәтижелерін алу; мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу.
***
20.01.2021 года специалист по управлению персоналом Айтуарова А.Р. приняла участие в «Часе кадровика», организованном по традиции Департаментом госслужбы с участием представителей кадровых служб государственных организаций Костанайской области. В ходе совещания были обсуждены итоги работы за 2020 год, в том числе и в системе «Е-қызмет». Представители Департамента госслужбы выделили Департамент труда как государственный орган активно проводящий работу в системе «Е-қызмет» по итогам 2020 года. Также на совещании обсудили проблемные вопросы по работе в системе «Е-қызмет». Посредством Системы «Е-қызмет» достигаются следующие цели: автоматизация деятельности служб управления персоналом государственных органов; получение результатов тестирования кандидатов и государственных служащих; проведение оценки эффективности деятельности государственных органов и государственных служащих.
