Облыстық мәслихаттағы Nur Otan партиясының депутаттық фракциясының алғашқы отырысы
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалында жаңа шақырылған облыстық мәслихаттағы партия фракциясының алғашқы отырысы өтті. Жиынды партияның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ашып, жүргізіп отырды.Бұл жолы сайланбалы органның 36 депутатының 30-ы «Nur Otan» партиясынан сайланды. Партия облыстық филиалының төрағасы облыстық мәслихаттағы депутаттардың сапалық құрамына да тоқталып өтті.Бұл шақырылымдағы «Nur Otan» партиясы депутаттарының ішінде әйелдер мен жастардың үлесі 40 пайызға дейін өскен. Депутаттардың 43,3 пайызы бизнес, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сынды экономиканың нақты салаларының өкілдерінен тұрады. Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттық корпус тоғыз ұлттың өкілінен жасақталды. Олардың қатарында көпбалалы аналар, мүм…