Мазмұнға өту

Жаңа

Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 09 ақпан күні сағат 15:00-де, Шардара қаласында орналасқан «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тұрлыбеков Жоламан Ерсайынұлы аудан тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдау өткізеді.

Егер, Сіздің сұрақтарыңыз болса, ағымдағы жылдың ақпан айының 09 күні сағат 15:00-де партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде күтеміз!

Мекен-жайымыз: Шардара қаласы, А.Сандыбаев көшесі №33 үй

0
0
145

«Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша грант иегері

Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің азаматшасы Маханова Улжан Аблайқызы 1993 жылы 3 маусымда Шардара қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің табалдырығын аттап 2011 жылы аяқтаған. 2011 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің «Қаржы» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2020 жылы «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негізінде оқып, сертификатқа қол жеткізген. Тігін шеберханасын ашу бойынша грант жеңіп алып, қазіргі таңда жеке кәсібін ашып жұмыс жасауда.

0
0
128

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өттіШыңғырлау ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өткізіліп, оған депутаттар қатысты. ZOOM платформасы арқылы бейне байланыспен өткен жиынға «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасы,аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова төрағалық етті.Жиын аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасын талқыланды.Сайлауалды бағдарламаны түгелдей қамтыған Жол картасы бойынша әр салаға депуттаттар бекітіліп, олар жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді. Аталған мәселе бойынша бекітуді Саяси Кеңес бюросына ұсынылды.Сонымен қатар күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шыңғырлау аудандық мәслихатындағы "Nur Otan"…

0
0
205