Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті

Шыңғырлау ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өткізіліп, оған депутаттар қатысты. ZOOM платформасы арқылы бейне байланыспен өткен жиынға «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасы,аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова төрағалық етті.

Жиын аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасын талқыланды.Сайлауалды бағдарламаны түгелдей қамтыған Жол картасы бойынша әр салаға депуттаттар бекітіліп, олар жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді. Аталған мәселе бойынша бекітуді Саяси Кеңес бюросына ұсынылды.

Сонымен қатар күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шыңғырлау аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова таныстырып, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына келісім алуға ұсынды. Жиын барысында сөз алған аудандық мәслихат депутаттары Қ.Жазықбаев,Г.Құрманбаева,С.Байтенова нақты іс-шаралар жоспарының өзектілігін тілге тиек етті.

Байтенова Светлана Шыңғырлау аудандық мәслихат депутаты,төрағаның бірінші орынбасары:

-Біздің бағдарлама туған ауданымызды дамытуға бағытталған.Біз ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі ,дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыратын боламыз.Жол картасы аудан дамуының көрсеткіші деп білемін.Депутат ретінде барлық ынта жігерімді ел дамуына арнайтын боламын.

Жазықбаев Қылыш Жолдыбайұлы Шыңғырлау аудандық мәслихатының депутаты, аудандық орталықтандырылған аурухана директоры:

- Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Депутаттарымыз қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істейтін болады.Бүгінгі жиынның маңызы әр депутат сайлауалды бағдарламада айтылған жұмыстарды жүзеге асыруға ,қолдау көрсетуге күш салатыны анық.Алдымызда атқарылар жұмыс көп,бағытымыз айқын.Жол картасын басшылыққа алып,жауапкершілікті жете сезініп, мәселелердің оң шешімін табу бағытында жұмыстанатын боламын.

Гүлім Құрманбаева , Шыңғырлау аудандық мәслихатының депутаты,аудандық білім бөлімінің әдіскері:

- Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Мен білім саласының маманымын.Сондықтан ауданымызда осы саланың әрі қарай дамуы үшін еңбектенетін боламын.Бағдарлама бар,жоспар нақтыланды.Халықтың сеніміне лайықты, сайлауалды бағдарламаны іске асыруда әріптестерім белсенділік танытады деп ойлаймын.

Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!

0
0
156

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті - Yvision.kz