Мазмұнға өту

Жаңа

Облыстық мәслихат депутаты Утебалиева Шаттық Саматқызы облыс тұрғындарын қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Утебалиева Шаттық Саматқызы облыс тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Қабылдауға Байтерек ауданы тұрғыны, көпбалалы ана өзінің жеке кәсіп ашқысы келетінін айтып, көмек сұрап келген болатын. Тұрғынға кәсіпкерлерге арналған гранттар, жеңілдіктер жөнінде түсініктемелер берілді және облыстық Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданды.Сонымен қатар облыстық мәслихат депутатына жалғызбасты анада өз мәселесімен келді. «Ерекше» баланы тәрбиелеп отыр. Бірнеше жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Ананы негізгі мазалайтын мәселенің бірі ол – тұрғын үй мәселесі. Тұрғынға заңнамалық тұрғыдан кеңестер берілді.Әрбір мәселе бой…

0
0
618

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өткізілді.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес төрайымы, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын кеңес мүшелеріне таныстырып, бірауыздан бекітті.

Сонымен қатар, мекеме басшыларына бекітілген жұмыс жоспарын мерзімінде орындау тапсырылды.

0
0
131

Мәслихат хатшысы қабылдау өткізді.

10.02.2021 жылы, аудандық мәслихат депутаты Ш.Дүйсенғалиева бекітілген кестеге сәйкес «NurOtan» партиясы филиалының қабылдау бөлмесінде азаматтарды әртүрлі мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдауда болған азамат Ж.Мухамбетжанов мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инватакси мәселесін қозғаса,Бұлдыртыдан О.Аманкулова, А.Кушаева тұрғын үй мәселелері бойынша хабарласып, онлайн қабылдау жасалды. Қабылданушыларға Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамалары аясында түсініктер берілді.

0
0
148

Zoom платформасы арқылы Аудан әкімдіктері жанындағы Дін істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Бүгін zoom платформасы арқылы қоғамдағы рухани келісім мәселелері бойынша аудан әкімдіктері жанындағы Дін істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес отырысын Ақиқат қоғамдық бірлестігінің теолог-маманы Пендабаев Тоқтар Ғалымұлы жүргізді. Кеңеске аудан жастары, " Nur Otan" партиясы мүшелері қатысты

0
0
188

"Nur Otan" партиясы Ақжайық аудандық филиалының мәжіліс залында онлайн форматта фракция отырысы өтті

Бүгін "Nur Otan" партиясы Ақжайық аудандық филиалының мәжіліс залында онлайн форматта фракция отырысы өтті. Күн тәртібінде: бірінші мәселе Ақжайық ауданы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша "Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір!» ЖОЛ КАРТАСЫН фракция мүшелері талқылап және филиалдың Саяси Кеңесі бюросына бекітуге жолданды, екінші мәселе бойынша Ақжайық аудандық мәслихатындағы - 2021 жылға фракция жоспарын бекіту. Фракция мүшелері онлайн форматта Жол картасымен танысып, алдағы уақытта өз салалары бойынша бүкіл күш жірерлерімен жұмыс жасайтындықтарын айтты.

https://www.facebook.com/photo?fbid=451625335977405&set=a.112767846529824

0
0
235

Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Хамзин Дархан Нұрланұлының қоғамдық қабылдауы

10 ақпан күні барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Хамзин Дархан Нұрланұлы "Nur Otan" партиясы Арқалық қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Арқалық қаласының тұрғыны Дуйсеков Мухит Ескенович конкурс арқылы жайылым жер алуға көмек сұрады. Жоғарыда аталған азамат жер конкурсына қатысып, бұл мәселе оң шешімін табатын болды.

0
0
224

Арқалық қаласы өңірлік ауруханасының басшысы Асанов Құралбай Қарлыбайұлының қоғамдық қабылдауы

09 ақпан күні барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Арқалық қаласы өңірлік ауруханасының басшысы Асанов Құралбай Қарлыбайұлы "Nur Otan" партиясы Арқалық қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Арқалық қаласының тұрғыны Куандыкова Гулбану Тургановна баласы Е.Темешовты аллергиялық дерматит болуына байланысты дәрігерге қаралуға және дәрі алуға көмек сұрады. Аталған мәселе бойынша арнайы маманның қабылдауына уақыт белгіленіп, кездестірiлдi. Баланы жан-жақты медициналық сараптамадан өткізді. Анализ қорытындысы бойынша дәрі-дәрмек берілетін болды. Облыстық емханаға медициналық жолдама берiлдi.

0
0
203

"Серпін-2050" бағдарламасына байланысты жиналыс

Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Тасмағанбет С.Н. Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Т.Аубакировтың төрағалығымен өткен "Серпін-2050" бағдарламасына байланысты жиналысқа қатысты.Жиын барысында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының проректоры Н.Темірбековтың және Политехникалық колледждің директоры А.Карбозовтың баяндамалары тыңдалды.Ақпарат берушілердің айтуынша "Серпін-2050" бағдарламасы арқылы оқып шыққан мамандардың басым бөлігі өз өңірлерінде жұмысқа орналасқан. Оған, әрине, әртүрлі себептер бар. Солардың біреуі - тұрғын үй мәселесі."Егер де қалада жас мамандарға, жас отбасыларға пәтер беру сұрағы шешілсе, мамандар осы аймақта қалып, қызмет етер еді" - дейді оқу орындарының өкілдері.Бұл мәселе қала әкімдігінің қадағалауына алынды және оны шешу жолдары таяу ара…

0
0
202