Мазмұнға өту
Ұлытау облысы
25 жазбалар3 тіркелуші

Ұлытау облысы – Қазақстанның орталығында орналасқан аймақ. 2022 жылы бұрынғы Жезқазған облысының негізінде құрылған.

Ұлытау облысында белсенді жастарға арналған "Ulytau Go" жастар лагері өтуде

27-29 тамыз күндері Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы "Ulytau Go" жастар лагері бастау алды. Аталған шара өңірдің үздік және белсенді 50 жасының басын қосып отыр.

0
0
151

Ұлытау облысында әлеуметтік нысандарды газдандыру жұмыстары жалғасуда

Мемлекет басшысының Ұлытау облысын дамытуға қатысты тапсырмасына сәйкес Жезқазған қаласының Қабанбай батыр шағын ауданында бой көтерген 300 орындық жаңа мектеп орталықтандырылған газ желісіне қосылды. Бұл бастама – өңірде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, әлеуметтік нысандарды үздіксіз жылумен қамтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасы.

0
0
122

Жезқазғанда бес жасар бала автокөлікпен бірнеше адамды басып өтті (видео)

Сұмдық оқиға «Гранд Палас» мейрамханасының маңында болған.

Жезқазғанда көшеге қойылған автокөліктің ішінде отырған кішкентай бала қол тежегішті байқаусызда босатып жіберген. Содан машина артқа жүріп кетіп, адамдарды басып өтеді.

«Полиция бұл деректі тіркеді. Жарақат алған төрт жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар белгіленді», – деп хабарлайды Ұлытау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал денсаулық сақтау басқармасындағылар бес адам зардап шеккен деп отыр. Үш әйелдің іш құрылысына зақым келген. Оларға амбулаториялық ем жасалып жатыр. Төрт қабырғасы сынып, іш құрылысына зақым келген бір ер адам сынық бөліміне жатқызылды.

Зардап шеккендердің арасында кішкентай бала болған. Басына соққы тиген ол да ауруханаға жеткізілді.  

t.me/orda_kz

0
0
316

Ұлытау облысында 3,7 млрд теңгенің заңсыз мемлекеттік сатып алу шарттары анықталды

Ұлытау облысының прокуратурасы осы жылдың басынан жалпы құны 3,7 млрд теңге болатын 12 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды.Фото: ryazan-expert.ruТалдау нәтижелері көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдар конкурстарды жариялау кезінде тиісті сараптамалар жүргізбеген, жобалық-сметалық құжаттамалар болмаған және әлеуетті жеткізушілердің жағдайын нашарлататын талаптар көздеген.Мысалы, Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі 1,9 млрд теңгеге автомобиль жолдарын күтіп ұстауға мемлекеттік сатып алу жариялаған.Бұл ретте тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада заңда көзделмеген біліктілік талаптарын негізсіз қойған (мемлекеттік сатып алу нысанасына жатпайтын заңнаманы сақтау бөлігінде).Сонымен қатар тапсырыс беруші бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып,…

0
0
312
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз