Жезқазғанда бес жасар бала автокөлікпен бірнеше адамды басып өтті (видео)
Сұмдық оқиға «Гранд Палас» мейрамханасының маңында болған.
Жезқазғанда көшеге қойылған автокөліктің ішінде отырған кішкентай бала қол тежегішті байқаусызда босатып жіберген. Содан машина артқа жүріп кетіп, адамдарды басып өтеді.
«Полиция бұл деректі тіркеді. Жарақат алған төрт жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар белгіленді», – деп хабарлайды Ұлытау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ал денсаулық сақтау басқармасындағылар бес адам зардап шеккен деп отыр. Үш әйелдің іш құрылысына зақым келген. Оларға амбулаториялық ем жасалып жатыр. Төрт қабырғасы сынып, іш құрылысына зақым келген бір ер адам сынық бөліміне жатқызылды.
Зардап шеккендердің арасында кішкентай бала болған. Басына соққы тиген ол да ауруханаға жеткізілді.
