Мазмұнға өту
Түркістан облысы
15 жазбалар3 тіркелуші

Түркістан облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан аймақ. 1932 жылы Оңтүстік Қазақ облысы болып құрылып, 1936 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы болып өзгерген. 1962-1992 жылдары – Шымкент облысы. 1992-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы.

Түркістан облысындағы балабақшада бүлдіршіндер жаппай тамақтан уланды

Оқиға 24 маусымда Түркістан облысы Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада болған.

Фото:ult.kz

Таңғы астан кейін бірер сағаттан соң 34 бала өздерін жайсыз сезініпті.

Ауруханаға түскендердің көбі үйлеріне жіберілді. Зардап шеккен үш бала жұқпалы аурулар бөлімінде емделіп жатыр.

Олардың жағдайы тұрақты. Уланудың нақты себебі зертханадағы тексеруден кейін белгілі болады.

0
0
292

Түркістан облысында блогерлер ұсталды

Түркістан облысында полиция бопсалау дерегіне қатысы бар деген күдікпен 2 блогерді қолға түсірді.

Облыстық ПД ҰҚҚКБ және Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады.
Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоқы жасап, ақша бопсалаумен айналысқан көрінеді.
Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпас үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі бұрын сотталған.

t.me/POLICE_of_KZ

0
0
331

Түркістан облысында қар жауды

Жаз жақындағанда еліміздің солтүстігінде ғана емес, оңтүстігінде де қар түсті.

Кеше Шымкентте жойқын дауыл тұрып, нөсер жауын мен бұршақтан көшелер суға батып жатқанда, оған іргелес Түркістан облысында қар жауыпты.

Бұл бейнежазба Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылының тұсында түсірілген.

"Бүгін - 2024 жылдың 25 мамыры", - дейді видео авторы.

Аталған облыста бүгін жаңбыр жауып, ол да қарға ұласуы мүмкін делініп отыр.

https://t.me/otyrarkz

0
0
329

Түркістан облысында шегірткеге қарсы дәрі алқаптарға дронмен себілуде

Түркістан облысында алқаптар ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен марокко шегірткелеріне қарсы өңделіп жатыр.

Қазірдің өзінде 252 мың гектар жер (93%) өңделді. Оның 1,4 мың гектарына арнайы дрондар қолданылды. Заманауи техника бір сағатта 18 гектар жерді қамти алады. Әуедегі жұмыс уақыты - 15-17 минут.
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин шегірткемен күресу бойынша дәрі-дәрмек жеткізу мен сақтаудан бастап, өңдеуге дейінгі барлық қызмет түрлерін көрсететін мердігерлермен сөйлесті. Жұмыс барысымен танысып, тиісті тапсырмалар берді.
Бұл тәсіл Түркістан облысында пилоттық жоба түрінде сынақтан өтуде. Келесі жылы республика бойынша шегірткеге қарсы күрес қызметтерін сатып алуды орталықтандырылған бірыңғай жүйеге көшіру жоспарланған.

0
0
478

Түркістан облысында оқушы толы болған шағын автобус өртеніп кетті

Түркістан облысындағы «Шымкент-Самара» автожолында "Газель" өртенді.

undefined

16 оқушы мен бір жүргізуші болған шағын автобусты қызыл жалын толығымен шарпыған. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатыпты.

Құдай сақтап, "Газельде" болғандардың бәрі одан түсіп үлгерген.

"Шақырылған сәттен бастап өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оттың тұтану себебі анықталуда", - деп жазады t.me/qr_tjm.

0
0
468
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз