Мазмұнға өту
Общество
Общество

Общество

7 686 жазбалар986 тіркелуші

Будь в курсе того, что происходит в Казахстане!

"Ел-шежіре"

«Ел-Шежіре» Қоғамдық Қоры мен Алматы қаласы әкімдігі Жастар Саясатымен бірлесе «Өмір – ең басты құндылық» жобасын іске асыру бойынша қызметтер жобасы

Қысқаша анықтама: Суицидке қарсы күрес сурет көрмесін ұйымдастыру арқылы қала халқына түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Тақырыбы: Суицидке қарсы сурет көрмесі

Күні: 05.11.2022 сағ: 10:00-17:00 ге дейін

Форматы, өтетін орыны: Офлайн, Алматы қаласы Арбат орталығы.

Жоба мақсаты: Сурет көрме арқылы қала халқына Қазақстан үшін ең маңызды мәселе болып тұрғанын түсіндіру және сол арқылы статистиканың төмендеуіне ықпал жасау.

Қатысушы аудитория саны: 100-ден аса

0
0
311

Отбасылық қақтығыс

Мемлекеттің тағдыры сол елдің әрбір азаматының қолында. Отбасының өнегелі болуы да осы себептен аса маңызды. Әрбір отбасы қоғамды және халықты құрайды. Ал, халық елді құрайды. Сол себепті, отбасының аман-саулығы, адамгершілік пен құндылықтарды ұштастыра алуы - елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Тәрбиелі ұрпақ көбейсе, ел тағдыры жарқын болмақ.Отбасы - зиялы қоғамның діңгегі.Сондықтан, ата - ана өзіне беймәлім өмірдің есігін енді ашып кірген "кішкентай адамның" болашақта елдің қандай перзенті болатынына бірден бір әсер етуші фактор екенін естен шығармауы тиіс.Ендігі айтарым отбасыда туындайтын қақтығыстар туралы болмақ. Бір шаңырақ астында туындайтын қақтығыстар нәзік те түйткілді проблема. Отбасының бұзылуы, қоғамның бұзылуының бастамасы. Бүгінде жанұя ішінде небір дау-дамайлар бар. Олар…

0
0
528

Әлеуметтік қақтығыстар

Әлеуметтік шиеленістер - әлеуметіміздегі жеке және топтасқан адамдар арасындағы көзқарастардың бірізділікке келмеуі. Бұндай жағдайда қақтығыстар әртүрлі проблемалардың себебін ашуда, яки шешуде, я болмаса түсініспеушіліктен туады. Қоғамымыздың біркелкі түсінікте болмауы адамдар арасында пікірлердің шиеленісуіне әкелетін процесс. Бұл тұрғыда, әлемімізде қаншама адам болса, сонша позицияның болатындығын айта кеткеніміз жөн. Бұдан, әлеуметтік конфликт ұғымы пайда болады. Ол әртүрлі топтағы адамдардың әлеуметтік қайшылықтары. Оның негізгі көзі - адамзат пікірі. Қоғамымызда адам баласының пікірі неғұрлым күрделірек болса, шиеленістер соғұрлым қиын жағдайда болады. Бұған дәлел ретінде, ертедегі Чарльз Дарвиннің адам маймылдан жаратылды деген түсінігі мен Теологиядағы Алла Тағала адамзатты балшы…

0
1
971

Отбасындағы діни қақтығыстардың орын алуындағы алғышарттар

Бұл діннің ата-аналардың балаларына беретін құндылығының бір маңызды аспектісі екендігімен түсіндіріледі. Сондықтан ата-аналар көп жағдайда балаларындағы иманды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.Басқа сөзбен айтқанда, барлық мәдениеттегі отбасылардың көпшілігінде сенім мен діни қатысуды таңдау ата-анадан балаларына діни тәжірибелер мен сенімдерді ұрпақтан-ұрпаққа берудің нәтижесі болып табылады.Шындығында, дін саласында ата-аналардың әсері әсіресе күшті, өйткені жастардың басым көпшілігі ата-аналардың екеуінің де, олардың әкелері мен шешелерінің де сенімдерін анықтады.Мұның мағынасы өте зор: егер ата-аналар балаларын белгілі бір діни тұрғыда тәрбиелесе, олар оған үйреніп, ата-аналарының жолын қуып кету мүмкіндігі өте жоғары.Балалар діни рәсімдерді орындау және үйдегі дінді талқылау сияқт…

0
0
509

Ішкі қақтығысқа назар аудару қажет пе? Тұлғаның шешім шығаруда "компромисске" келу маңыздылығы

Қоғамдағы және ішкі саяси шиеленістер заңға және сотқа сүйеніп шешіледі. Қоғам қатынастарын реттеу үшін мемлекетте әртүрлі заң актілері мен нормалары қабылданады.Ал қәдімгі өмірдегі қоғамдастық арасындағы қақтығыстар, сондай ақ әлеуметтік таптарды қалаушы жеке тұлғалардың ішінара келіспеушіліктері мен ішкі қақтығыстары өзгелей жолдармен шешілмек. Ондай жағдайда өзіңнің ақылың мен жан қалауыңды тізгіндеп “компромисс”-ке келу маңызды.Адaм - ​​биoәлeymeттіk тіpшіліk иecі. Соған сәйкес жаһан мен оның ішкі әлемінде үйлеспеушіліктер орын алуы ғажап емес. Біp жaғынaн, oның өмірі әлeymeттіk opтaдa жүзeгe acaтынын ескерсек aдamның пcихиkacы өтe қapaма-қaйшы құбылыc. Aдaм әp түpлі әлeymeттіk қaтынacтapғa қaтыcaтындықтан әлeymeттіk opтameн қapыm -қaтынacы қapama -қaйшы cипaттa бoлaды, oл coныmeн қaт…

0
0
457

Саяси әлемдік қақтығыстар

Тарихи және көркем әдебиеттерде адамдар үшін күш салдары, формасы және мазмұны бойынша ерекшеленетін көптеген қақтығыстық жағдайлар келтіріледі. Мамандардың пайымдауларынша, соңғы бес мың жылда адамзат әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешудің ең қорқынышты формасы - он бес мың локальді және ортақ соғыстарға қатысқан.Гераклиттің (530-470 ж.б.з.д.) ойы бойынша дүниеде бәрі ұрыс арқылы туады, ал соғыс пенен қақтығыс барлық заттың негізі. Соғыс бәрінің әкесі және бәрінің патшасы – деп санады. Ал Эпикур (341-270ж.б.д.) Гераклиттің ойымен бөлісіп, онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады. [28,27]Осы дәйектерге қандай қатынаста болмасақ та, өркениеттің бүкіл тарихы, кейде шешілуі күш қолдану әдістері мен тәсілдерін қолданусыз мүмкін болмайтын әлеуметт…

0
0
742

Отбасыдағы қақтығыстың бала тәрбиесіне тигізер зияны

Бала тәрбиесі қай елде болмасын бейжай қарамай, үлкен жауапкершілікпен мән беріп қарауды талап етеді. Бала өмірге келіп, жарық дүние есігін ашқан сәттен бастап өзінің не көріп, не байқағанын жадында сақтайды. Міне, тәрбиенің берілуі жәй ғана қимыл, іс-әрекетпен де тікелей байланысты. Өз еліміздің бала тәрбиесіне қандай дәрежеде көңіл бөлетіндігімізді біршамамыз білеміз, өмірде көріп те жатырмыз.Отбасылық жанжалдар көбінесе ерлі-зайыптылар арасында, ата-аналар мен балалар арасында туындап жатады. Психолог А. Анцупов және журналист А.Шипилов ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдардың бірнеше негізгі себептерін анықтаған. Олар:- ерлі-зайыптылардың психосексуалдық белгілері бойынша сәйкес келмеуі;- жұбайы тарапынан құрметтің, қолдаудың болмауы;- эмоционалды өзгерістерге қанағаттанбау;- отбасы мү…

0
0
534

Тұлғааралық қақтығыс

Қарапайым халық, ел арасында ғана емес, ел ағаларының да арасында қақтығыстың бұл түрі түрлі келеңсіздіктер туғызып келеді.Тұлғааралық қақтығыс екі немесе одан да көп адам бір нәрсеге келіспей, ортақ мәміле орната алмаған кезде пайда болады. Келіспеушіліктер көбінесе мақсаттар мен құндылықтардың, көзқарастар мен пікірлердің бір-бірімен тоғыспауынан шығады. Тұлғааралық қақтығыс адам өміріндегі кез келген сәтінде туындайтын қалыпты, жиі кездесетін құбылысқа айналды. Кейде мұндай келіспеушілік адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға септігін тигізгенімен, оны дұрыс шеше алмаған жағдайда кері әсер беруі де әбден мүмкін. Егер де жанжал шиеленісіп, ұзақ уақытқа созылса, адам күйзеліске ұшырап, моральдық денсаулығына зиянды болары анық. Мұндай жағдай тумас үшін қақтығысты барын…

0
0
645

Отбасылық қақтығыстың жиі болу себептері«Менің ата-анам қаржылық жағдайдың кесірінен ажырасып кетті»

Отбасы – әрбір адамның өміріндегі ең маңызды орынды алатын қымбат құндылық. Бала көзін тырнап ашқан кезден бастап ата-анасының қамқорлығын, жылулығын көріп, «отбасы, жанұя» деген сөздердің мәні мен мағынасын түсініп өседі. Әкесіне, анасына, бауырларына қарап ой түзейді, бой түзейді. Кішкентай бала үшін отбасындағы адамдардың рөлдері өте маңызды. Ер бала әкесінен ауыр жұмыстарды қалай жасау керектігін үйренсе, қыз бала анасынан ас үйдегі жұмыстарды жасап үйреніп, тәлім алады. Қыз бала әке мейірімін көрсе, ер бала анасының жылулығын көріп, тәлім-тәрбие алып өседі. Яғни, ата-ананың бала үшін маңызы өте зор. Ол үшін отбасының толық болуы әрі салиқалы, өнегелі болуы маңызды. Әкесі мен анасы күнде қақтығысып, ұрыс шығара берсе, оны көрген бала қандай тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алмақ? Ата-ананың ө…

0
0
704

Отбасы бақыты - ұлт бақыты

Отбасындағы бақыт, татулық, сыйластық кез - келген адамның қалауы. Бірақ кейде сол бақыт ұзаққа созылмайды. Сырт көзге бақытты болып көрінеді. Дегенмен біз көріп жүрген сол бақыттың, сол күлкінің астарында бір мұң болуы мүмкін екенін естен шығарып аламыз. Негізі үнемі мұңайып, уайымға салынып жүретін болсаң, ол жүрекке түседі. Содан ағзада бір айықпас дерт пайда болуы ғажап емес. «Күліп жүрген адамның ғұмыры ұзақ болады», - деп бекер айтпаған. Бірақ бақытты күндерің саусақпен санарлық болса, ұзақ өмірдің не керегі бар?!Кезінде «отбасы болғасын ыдыс аяқ сылдырламай тұрмайды» деген сөзді жиі естейтін едік. Алайда біз елей қоймайтын сол бір кішігірім реніштің салдары отбасылық қақтығысқа алып келгенін байқамай қаламыз. Ал отбасылық қақтығыстың туындауына қандай себептер түрткі болуы мүмкін?…

0
0
533