Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Әлеуметтік қақтығыстар

Әлеуметтік шиеленістер - әлеуметіміздегі жеке және топтасқан адамдар арасындағы көзқарастардың бірізділікке келмеуі. Бұндай жағдайда қақтығыстар әртүрлі проблемалардың себебін ашуда, яки шешуде, я болмаса түсініспеушіліктен туады. Қоғамымыздың біркелкі түсінікте болмауы адамдар арасында пікірлердің шиеленісуіне әкелетін процесс. Бұл тұрғыда, әлемімізде қаншама адам болса, сонша позицияның болатындығын айта кеткеніміз жөн. Бұдан, әлеуметтік конфликт ұғымы пайда болады. Ол әртүрлі топтағы адамдардың әлеуметтік қайшылықтары. Оның негізгі көзі - адамзат пікірі. Қоғамымызда адам баласының пікірі неғұрлым күрделірек болса, шиеленістер соғұрлым қиын жағдайда болады. Бұған дәлел ретінде, ертедегі Чарльз Дарвиннің адам маймылдан жаратылды деген түсінігі мен Теологиядағы Алла Тағала адамзатты балшықтан жаратты деген тұжырым жайында пікірлерді айтсақ болады. Бұл әрине тақырып бойынша келтірілген мысал ғана. Осы орайда, әлеуметтік қақтығыстардың төрт түрлі бөліміне тоқтала кетейік. 1) Қақтығысға себеп болған тақырып, яғни әлеуметтік қақтығыс алдындағы оқиға; 2) Қақтығыстың басталуы; 3) Әлеуметтік қақтығысты шешу әрекеті; 4) Қақтығыстан кейінгі кезең. Сөзімізді жалғастыру үшін, әлеуметтік қақтығыстың екі үлкен функционалдық топтары жайлы сөз қозғайық. Бірінші топ - конструктивті деп аталса, ал екінші топ - детструктивті. Конструктивті топқа жағымды функция пікірлері кіреді, онда қақтығысты басу, бірлікке келетін әрекеттерді жүзеге асыру процесстері орындалады. Деструктивті - жағымсыз функция кіреді. Оған, бытыраңқылық, тұрақсыздық, шиеленіске одан әрмен түсу тәрізді процесстер жатады. Жалпы, әлеуметтік қақтығыстардағы субьеті өз позициясын дәлелдеу мақсатында түрлі әрекеттерге баруы мүмкін және ондай әрекеттер келесі қарама – қарсы тарапқа едәуір әсер етеді. Мысал ретінде, әлеуметіміздегі ерлі зайыпты отбасылардың қақтығыстарын алар болсақ, көіне әйелдердің суицидымен аяқталып жататын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл, екінші тарап пікір иесіне ғана емес, сонымен қатар қоғамға да әсерін беріп кететіндігі анық. Демек, әлеуметіміздегі қандай қақтығыс түрі болса да, біз, конструктивті аяқтауымыз қажет. Себебі, бірлікте шешілген іс ғана өз нәтижесін береді.

Мақала авторы: Толғанай Абилкакова

Жетекшісі : аға оқытушы Н.Б. Рушанова

0
1
956

Осы тақырып бойынша