Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 543 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Мұнайлы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Фракция отырысына аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы А.Ахмедов, фракция жетекшісі Ж.Байназарова, аудан әкімінің орынбасары Н.Мұстафаев және фракция мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы жол картасындағы іс-шаралардың 2022 жылдың тоғыз айдағы орындалысы бойынша аудан әкімінің орынбасары Н.Мұстафаев баяндама жасады.

Фракция отырысының күн тәртібіндегі мәселе толықтай қаралып, сайлауалды бағдарламасы жол картасындағы жыл соңына дейін орындалмау қаупі бар іс-шаралар бойынша депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

0
0
193

Гранттар беру мәселелері туралы аудан кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өтті.

Бүгін Қарақия аудандық "AMANAT" партиясында ҚР Президентінің халыққа Жолдауы аясында жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша гранттар беру мәселелері туралы аудан кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушы жас кәсіпкерлерге "Жас кәсіпкер", "Еңбек" бағдарламалары, жастар гранттары туралы ақпарат берілді. Бұдан әрі, ауылдық жердің тұрғындары болғандықтан, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікке баса назар аударылды.

0
0
158

А.Шамшадинова және Н.Сейдалыева журналистика мен мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында “AMANAT” партиясы Ақтау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты А.Шамшадинова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрайымы Н.Сейдалыева журналистика ардагерлері мен мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында А.Шамшадинова жолдаудың маңызын, басым бағыттарын қысқаша баяндап, жолдауға байланысты өзіндік тұжырымдаламаларын, жаңа реформада еліміздің дамуына бағытталған көптеген жақсы өзгерістер бар екендігін айтып өтті.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамыуына әрбір адамның үлес қосуы маңызды екенін айтып, жолдау аясында бірге жұмыстануға шақырды.

0
0
163

Бейнеу аудандық филиалының мәжіліс залында білім беру саласының белсенді жастарымен кездесу өтті.

"AMANAT" партиясы Бейнеу аудандық филиалының мәжіліс залында білім беру саласының белсенді жастарымен кездесу өтті. Кездесуге партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жолышов Тұралы Ботақараұлы және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ғайыпбаев Саламат Нұрмұхамметұлы қатысты. Кездесу барысында алдағы жұмыс жоспарлары талқыланып, Астана қаласында өткен партияның кезектен тыс съезінің делегаты Тұралы Ботақараұлы партияның саяси тұғырнамасы жөнінде қысқаша айтып өтті.

0
0
139

1 қыркүйек күні жарияланған еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдаған

"Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Президент жолдауын талқыға салдық. Жиынға аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы А.А.Айтбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Н.Қасымбеков қатысты. Қатысушылар атсалысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

0
0
139

Аудандық партия филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі

Т.Мұрат, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Әбілхамит орта және шағын бизнес өкілдері және партия мүшелерімен Zoom платформасы арқылы кездесу өткізді. Кездесуде 6 қазанда өткен партияның XXIV кезектен тыс съездінде қабылданған шешімдер туралы және мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиелер туралы ақпараттар берілді.

0
0
185

Жаңалық ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде Б.Асылбекұлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі жолдауындағы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларын өркендету бойынша жан-жақты түсіндіріп берді.

0
0
104

Облыстық маслихат депутаты жастармен кездесті

Жезқазған гуманитарлық колледжінде «Қазақмыс» компаниялар тобы жұмысшыларының салалық кәсіподағы» ҚБ Жезқазған филиалы, «Tranco Жезказган» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Ұлытау облыстық маслихатының депутаты Елдос Әбікенов мысты қаланың жас буынымен кездесті.Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Елдос Қуанышұлы Мемлекет басшысының әрбір Жолдауы Қазақстанның стратегиялық міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыру екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан бері айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін, бірақ, соған қарамастан, ел экономикасының дамуында бәсеңділікті байқауға болады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында шағын және орта бизнес саласындағы салық заңнамасын өзгертуді тапсыра отырып, экономиканы дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл да көптеген қазақстандық жеке кәсіпкер…

0
0
274

Мемлекет басшысы ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы айқындады

Мемлекет басшысы ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы айқындады:

Бірінші. Тәуелсіздік бәрінен қымбат.

Екінші. Елдіктің негізі – жеріміздің тұтастығы.

Үшінші. Мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық.

Төртінші. Рухани үндестік – бірліктің бастауы.

Бесінші. Заңдылық пен тәртіп – өркениетті ел болудың кепілі.

Алтыншы. Жасампаздық – жаңару мен жаңғыру жолы.

Жетінші. Достық пейіл, мейірімділік және жанашырлық – ең асыл қасиеттер.

0
0
146

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтті

📷«AMANAT» партиясы Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсындыАстанада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтті. Іс-шараға 1200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Саяси кеңестің мүшелері, Парламент депутаттары, өңірлерден келген делегаттар, сондай-ақ сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т. б. болды.Күн тәртібіне сәйкес, бірінші кезекте алдағы президент сайлауына партиядан кандидат ұсыну мәселесі қаралды.📷Өз сөзінде, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов AMANAT партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.📷«Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді Тұлға керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұр…

0
0
155