Махамбет бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен партияластар және студенттермен кездесу кеші өтті
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауын түсіндіру мақсатында М.Өтемісов атындағы БҚУ ғимаратында «Махамбет» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен партияластар және студенттермен кездесу кеші оздырылды.Кездесуге «AMANAT» партиясы БҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісі Шайхиниязова Гаухар Жәрдемқызы және «AMANAT» партиясы Орал қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мухамбетжанов Бауыржан Қамарұлы қатысты.Кездесу барысында Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты – саяси -әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін айтып, халықтың әл - ауқатын арттыру, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайына көңіл бөл…






