Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр
Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай бүгін аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр» атты ерлік сағаты оздырылды.
Шараны кітапхананың тұрақты оқырманы Әминат Нұрланқызы жүргізді.
Мәншүктің соғысқа баруға өтініш жазып, аттануы шағын қойылыммен қойылып, экраннан «Мәншүктің бейнесі» атты бейнеүзік оқырмандар назарына ұсынылды.
Кітапхананың оқырманы Ижан Райымбек «Мәншүкке арнау» өлеңін оқыса,
Талғат Бисенғалиев «Қазақ қызы» әнін шырқады.
Адамзат тарихына есімін қанмен жазып кеткен қазақтың қайсар қызы туралы кітапхананың тұрақты оқырман, ұстаздары А. Ғабиденұлы мен Н. Рахметоллақызы қазақ қызының өмірі мен ерлігі турасында тағылымды естеліктермен бөлісті. М. Мәметоваға арналған «Мәншүктің өшпес ерлігі» атты кітап көрмесіне кітапханашы
Л.Асылбекқызы библиографиялық шолу жасады. Оқырмандар арасында
М. Мәметованың өмірінен сұрақтар қойылып, жауап берген оқушыларға шағын сыйлықтар таратылды. Кітапхана меңгерушісі Айнұр Қадешқызы қорытындылап, оқырмандарға өз алғысын білдірді.
Ерлік сағаты «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әнімен аяқталды.
