Махамбет бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен партияластар және студенттермен кездесу кеші өтті
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауын түсіндіру мақсатында М.Өтемісов атындағы БҚУ ғимаратында «Махамбет» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен партияластар және студенттермен кездесу кеші оздырылды.Кездесуге «AMANAT» партиясы БҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісі Шайхиниязова Гаухар Жәрдемқызы және «AMANAT» партиясы Орал қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мухамбетжанов Бауыржан Қамарұлы қатысты.Кездесу барысында Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты – саяси -әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін айтып, халықтың әл - ауқатын арттыру, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайына көңіл бөліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту, шағын және орта бизнесті дамыту және білім мен медицина саласындағы атқарылатын басым бағыттарға тоқталып өтті.Сонымен қатар Жолдауда мемлекетіміздің дамуына жастарға жан-жақты қолдау көрсету, жастарды жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жөнінде нақты атап көрсетілгендігін сөз етті.Шара барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ой-пікірлері тыңдалды.
