Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Штаб мүшелері Жаңақазан ауылында

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Жаңақазан ауылында Жүнісов мектебінің мұғалімдері және жастарымен кездесті.

Қазіргі көтеріліп жатырған мәселелердің бірі мемлекеттік тіл мәселесі жөнінде.

Қазақта «Ел» сөзі «халық», сондай-ақ «мемлекет» деген мағына береді. Шын мәнінде, халық пен мемлекет бір-бірінен бөле-жарып қарауға келмейтін – егіз ұғымдар. Сондықтан, мемлекет дегеніміз бұл – ортақ құндылықтары бар халық деген сөз. Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары – еліміздің тәуелсіздігі және жеріміздің тұтастығы. Сондай-ақ, халқымыздың терең тарихы мен салт-дәстүрі, жұртымыздың мызғымас бірлігі, отаншылдығы, еңбекқорлығы және отбасы құндылықтары. Біз мемлекеттік тілді одан әрі дамытып, оның қолдану аясын кеңейту үшін барлық жағдайды жасаймыз. Тілге байланысты ешқандай қысымға жол бермейміз деген еді Қ.Тоқаев

Жиын соңында алдағы сайлауға белсенді қатысуға және сол арқылы азаматтық белсенділікті қолдауға және еліміздің жаңару бағытын қолдауға шақырды.

#Toqayev2022

0
0
367

Осы тақырып бойынша

Штаб мүшелері Жаңақазан ауылында - Yvision.kz