Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

қоғамдық қабылдау

Тасқала аудандық маслихат депутаты, ЖШС "Луч" басшысы Нариман Мусенов қабылдауында Тасқала ауылы тұрғыны, II топ мүгедегі Берик Елесов мәселесі тыңдалды. Мал азығына жеммен көмек сұрайды.Қабылдауда көтерілген мәселе бойынша аудандық маслихат депутаты Нариман Мусенов 2 қап жеммен көмек көрсетті.

0
0
121

Өзін-өзі қамтушыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарға жәрменке

Өзін-өзі қамтушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Ағымдағы жылдың 20-қаңтарында аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ғимаратында, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өзін-өзі қамтушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге «Атамекен» ҰКП аудандық филиалы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты.

Әр түрлі сұрақпен 8 адам жолықты. 3 жұмыс берушіден 5 бос жұмыс орны ұсынылды. Шағын несие алу жолдары мен мемлекеттік қайтарымсыз гранттар жөнінде түсіндіріліп, 2 адам жұмысқа жолданды.

0
0
172

Партиялық бақылау жүргізілді.

2021 жылдың 2 ақпаны күні «Nur Otan» партиясының Күршім аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Тойбаев Ш.М., аудандық мәслихат депутаты Потанина Н.А., партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Қазретова Қ.О., аудандық партия филиалының кеңесшісі Еркінбек Ш.Е., аудан орталығындағы спорт нысандарына мониторинг жүргізді.

0
0
122

Көмек көрсетілді

«Nur Оtan» партиясы Күршім аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне, Күршім ауданы, Барақ батыр ауылы, №69 үйдің тұрғыны Ақыл Баян өтінішін білдірді.

Өтініште отбасылық жағдайға байланысты отын, көмір сатып алуға қаржылай көмек сұрап келді.

Ақыл Баянға «Nur Оtan» партиясы Күршім аудандық филиалынан және «Ізгі жан» қорынан ақшалай көмек көрсетілді.

0
0
155

“Ұстаз - ұлағатты есім”

Сырым ауданы “Nur Otan” партиясы “Ұстаз - ұлағатты есім” тақырыбында шара ұйымдастырылды. Осы шараны Сырым аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы қолдап, “Ұрпақтар сабақтастығы” бағытында “ЖББ Көгеріс негізгі орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика - физика пәні мұғалімі, 37 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз А.С.Турегалиевамен сұхбат өткізілді

0
0
143