Көмек көрсетілді
«Nur Оtan» партиясы Күршім аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне, Күршім ауданы, Барақ батыр ауылы, №69 үйдің тұрғыны Ақыл Баян өтінішін білдірді.
Өтініште отбасылық жағдайға байланысты отын, көмір сатып алуға қаржылай көмек сұрап келді.
Ақыл Баянға «Nur Оtan» партиясы Күршім аудандық филиалынан және «Ізгі жан» қорынан ақшалай көмек көрсетілді.
