Партиялық бақылаудың кезекті отырысы
04 ақпан күні аудандық филиалдың мәжіліс залында ZOOM платформасында Ш.Дүйсенғалиеваның төрағалығымен Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде аудандағы азық – түлік дүкендеріндегі бағалардың тұрақтылығын қадағалау және COVID – 19 вирусына қарсы екпе алуға дайындық мәселелері қаралды.Бірінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Р.Усағалиев хабарлама жасады.- «Азық – түлік дүкендердегі бағалардың тұрақтылығын қадағалау мақсатында мониторинг топ құрылып, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №288 қаулысы бекітілген 19 атауы бойынша, апта сайын бақылау жүргізілуде» - деді өз сөзінде Р.Усағ…
