ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар колледж ұжымымен еркін форматта кездесу өткізді.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Сүйеуғалиев Қадыржан, Меңдешов Нұрлан, Салахаден Мәулен, Амантаев Маралбек колледж еңбек ұжымының қызметкерлерімен еркін форматта кездесу өткізді. Кездесуде үміткерлер «Nur Otan» партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ауданымыздың дамуы мен көркеюі жолында партияның атқаратын жұмыстары жөнінде тоқталып өтті. Үміткерлер колледж ұжымы тарапынан ұсыныс-тілектерін тыңдап, алдағы уақытта жұмыстанатындықтарын жеткізді. Кездесу соңында үміткерлер колледж ұжымын 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.