Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 543 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

№7 жалпы білім беретін орта мектебiнiң мұғалiмдерiмен кездесу өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауға арналған қоғамдық штабының өкілдері Қ.Ермекбаев, Р.Ерманов Ақсай қаласы №7 жалпы білім беретін орта мектебiнiң мұғалiмдерiмен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында штаб өкілдері Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.Қ.Тоқаевтың "Елімізде әлеуметтік салаға қаржы бөлу амалсыздан жасалатын шара деген түсінік бар. Мұндай түсінікті түбегейлі өзгертеміз.Бұдан былай осы салаға бөлінетін қаражат адам капиталына салынатын тікелей инвестиция болып есептеледі. Мемлекеттің азаматтарға жұмсайтын барлық күш-жігері және қаржысы тұрақты әлеуметтік дамуға, экономиканы өркендетуге негіз болады.Әділетті Қазақстанда білім құндылығы бірінші орында тұрады.Біз бала тәрбиесіне баса мән береміз. Дарынд…

0
0
161

Сенімді өкілдері және облыстық қоғамдық штабтың мүшелері Ақжігіт ауыл тұрғындарымен кездесті

ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАҚТАСТАРЫ АҚЖІГІТ АУЫЛЫНДА

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері және облыстық қоғамдық штабтың мүшелері Төлетов Серікбай Құдайбергенұлы, Төралиев Сағыныш Көшербайұлы және аудандық қоғамдық штаб жетекшісі Жолышов Тұралы Ботақараұлы, штаб мүшесі Ғайыпбаев Саламат Нұрмұхамметұлы Ақжігіт ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттың жеті жылдық сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық, кәсіпкерлік салалары мен жастар саясатындағы өзгерістер жөнінде айтты.

#Toqaev2022

0
0
212

Облыстық және қалалық штаб мүшелері "Ақтау теңіз порты" қызметкерлерімен кездесті

"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІБүгін, 9 қараша күні ҚР президенттігіне кандидат Қасым- Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі облыстық және қалалық штаб мүшелері "АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" арнайы экономикалық аймағында болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Кандидаттың сенімді өкілдері Анар Шамшадинова, Калым Дербисов, Тәжімұрат Толбаев, Асқар Керелбаев, Айдар Исмагулов, Жайлыбай Матаев, Амангул Жубанова, Гулмайса Шаңбаева, Даурия Куванова, Айда Ертілеуова, Жарас Демеев қызметкерлерге Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі аспектілерге тоқталып, мазмұны туралы айтып берді.Соның ішінде, еліміздің экономикасын дамытуға арналған басты бағыттарға көңіл бөлді. Өйткені АЭА мақсаты қолайлы инвестициялық климатты құру және экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыр…

0
0
333

Ауыл тұрғындарымен және ауылындағы шаруа қожалығы жұмысшыларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Алғабас ауылдық округіне қарасты Жаңаөңір ауылының тұрғындарымен және аталмыш округке қарасты Сасықкөл ауылындағы шаруа қожалығы жұмысшыларымен кездесті.Кезінде колхоз бөлімшесі болған Жаңаөңір ауылы бүгінде оннан астам түтіні бар ауыл. Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Орталықтан жырақта болсақ та, алдағы науқаннан тыс қалмаймыз деп отырған тұрғындарының да ұсыныстары мен тілектері көп болды.Штаб мүшесі Ж.Кенжебаев кездесуде кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан шағын және орта бизнесті қолдау шараларын түсіндіріп, ауыл тұрғындарының мәселелері бағдарламадан тыс қалмағанын жеткізді.Штаб мүшесі Ә.Бахтияров мемлекет кәсіпкерлікті ынталандыруға…

0
0
253

Aудандық қоғамдық штабының мүшелері білім беру саласындағы ұстаздар әулеттерімен кездесті

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында Біз педагог мәртебесін көтеруге арналған жұмысты жалғастыра береміз. Мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалады. Олар өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстың бәрінен босатылады. Ұстаз атты ардақты ұғым жоғары мәртебе мен биік парасаттың синониміне айналады, ұстаздар мен дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етудің арнайы бағдарламасын іске қосамыз деген болатын. Білім беру саласы мамандарының жалақысы жыл сайын өсуде. Білім беру мәселесі ешқашан күн тәртібінен түспеген, - деді штаб төрағасы Т.ДаргужиевЖиын барысында сөз алған ардагер ұстаздар Ким Николайұлы Федянин мен Ғилаж Молдашұлы Қаналиев өздерінің естеліктері, өмір жолымен бөлісіп, Қасым-Жомарт Кемелұлының саясатын қолдайтындарын жеткізді.Кездесу барысында сайлауалды бағдарлама бойы…

0
0
168

«Ж-Каскелен» ЖШС кәсіпорнында өткен кездесу

Бүгін халықтық коалиция атынан ұсынылған ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі Алматы облыстық штаб мүшелері Е.Турумбетов, Ж.Далабаев, Ж.Бектасов және Қарасай аудандық қоғамдық штаб мүшелері Қ.Айтжанов, С.Мәсімақынов, С.Жылқыбаев Қаскелең қаласындағы «Ж-Каскелен» ЖШС кәсіпорнына арнайы ат басын бұрды. Кәсіпорынның еңбек ұжымымен жүздесу кезінде ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРБІРІМІЗ ҮШІН. ҚАЗІР ЖӘНЕ ӘРДАЙЫМ» атты сайлауалды бағдарламасы басқосудың арқауына айналды.ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі қайта құру және терең саяси, экономикалық реформалар үдерісін іске қосты. Демократиялық қағидаттарға негізделген Әділетті Қазақстан құру міндетін жариялады. Біздің ба…

0
0
198

Есіктен есікке акциясы!

ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Қарасай аудандық қоғамдық штаб мүшелері үгіт материалдарын тарату бойынша үй-үйді аралап шықты. Болашақ Президенттің сайлау алды бағдарламасын қарапайым тілмен түсіндіріп берді. Аудан тұрғындары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдап отыр. Күшіміз бірлікте! Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!

#Toqaev2022

0
0
127

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Көксай ауылында ақ халатты абзал жандармен жүздесті

Дәрігерлерді жұрт тегіннен ақ халатты абзал жандар демейді. Оның өзіндік сыры бар. Олардың еңбегі пандемия кезінде еленді. Сол уақта дәрігерлер жанұшыра әрбір адам үшін арпалысты. Өмір мен өлім айқасында адам жанына арашашы болатын дәрігер сондықтан абзал жандардың қатарында. Осындай әлеуметтік маңызы бар қызмет иелерімен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Көксай ауылында жүздесті.

Ауылдық дәрігерлік ауруханада өткен кездесуде аудандық қоғамдық штаб мүшесі Рүстем Өтембаев соңғы жылдарда еліміздің медицина саласында атқарылған оңтайлы істер мен сайлауалды бағдарлама өзегінде көтерілген басты басымдықтарға тоқталды.

Кездесу соңында денсаулық сақтау өкілдері Қ К.Тоқаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады.

#Toqaev2022

0
0
139

Жібек Жолы ауылындағы ауылдық амбулаторияда кездесу

ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Жібек Жолы ауылындағы ауылдық амбулаторияда кездесу өткізді.

Жиынға аудандық штаб мүшелері Құралай Сайбырова, Мухтар Байкулов және Перизат Абдыбаевна қатысты.

#Toqaev2022

0
0
168