Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық және қалалық штаб мүшелері "Ақтау теңіз порты" қызметкерлерімен кездесті

"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін, 9 қараша күні ҚР президенттігіне кандидат Қасым- Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі облыстық және қалалық штаб мүшелері "АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" арнайы экономикалық аймағында болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кандидаттың сенімді өкілдері Анар Шамшадинова, Калым Дербисов, Тәжімұрат Толбаев, Асқар Керелбаев, Айдар Исмагулов, Жайлыбай Матаев, Амангул Жубанова, Гулмайса Шаңбаева, Даурия Куванова, Айда Ертілеуова, Жарас Демеев қызметкерлерге Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі аспектілерге тоқталып, мазмұны туралы айтып берді.

Соның ішінде, еліміздің экономикасын дамытуға арналған басты бағыттарға көңіл бөлді. Өйткені АЭА мақсаты қолайлы инвестициялық климатты құру және экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту. Яғни осы шараларды іске асыру арқылы Қазақстан экономикасың дамуына елеулі үлес қосу.

Кездесу барысында жұмысшылар да қалыс қалмай, толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Өз кезегінде штаб мүшелері барлығын 20 қараша күні өтетін сайлауда азаматтық борыштарын орындап, өз таңдауларын жасауға шақырды.

#Toqaev2022

0
0
302

Осы тақырып бойынша