Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Көксай ауылында ақ халатты абзал жандармен жүздесті
Дәрігерлерді жұрт тегіннен ақ халатты абзал жандар демейді. Оның өзіндік сыры бар. Олардың еңбегі пандемия кезінде еленді. Сол уақта дәрігерлер жанұшыра әрбір адам үшін арпалысты. Өмір мен өлім айқасында адам жанына арашашы болатын дәрігер сондықтан абзал жандардың қатарында. Осындай әлеуметтік маңызы бар қызмет иелерімен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Көксай ауылында жүздесті.
Ауылдық дәрігерлік ауруханада өткен кездесуде аудандық қоғамдық штаб мүшесі Рүстем Өтембаев соңғы жылдарда еліміздің медицина саласында атқарылған оңтайлы істер мен сайлауалды бағдарлама өзегінде көтерілген басты басымдықтарға тоқталды.
Кездесу соңында денсаулық сақтау өкілдері Қ К.Тоқаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады.
#Toqaev2022
