Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Фракция мүшесі.

Бүгін кезекті фракция отырысында "Nur Otan " партиясының "өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын талдап, бекіту үшін Саяси Кеңес Бюросына ұсындық. Жол картасында алдағы бес жылда атқарылатын бағдарламадағы жұмыстардың мерзімі, жұмыс көлемі, қаржысы, жауапты сала басшылары мен үйлестіруші депутаттар нақты белгіленген. Жол картасы бойынша алдағы бес жылда 308 іс- шараны жүзеге асыру жоспарланса, оның 78- ін осы ағымдағы жылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Оның ішінде аудандағы әлеуметтік нысандарды газдандыру, тұрғын үй салу, жол жөндеу, жаңа нысандар ашу, "Ақ Ниет" бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру, өзге де ауқымды шаралар тұр. Алдағы уақытта партия беделін көтеру үшін бағдарламада аталған іс- шаралардың көрсетілген мерзімде жүзеге асырылуына нұротандық депутаттар өз үлесімізді қосып, белсенділік танытамыз деп сенімді түрде айтамын. Зайсан аудандық мәслихатының "Nur Otan" партиясының фракция жетекшісі В.А.Адильбаева

0
0
107

Осы тақырып бойынша

Фракция мүшесі. - Yvision.kz