Фракция мүшесі.
Бүгінгі фракция отырысында "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын талдадық. Жол картасы- біздің партияның сайлаушыларға, халыққа берген уәдесіне апаратын жол, біздің, нұротандық депутаттардың, алдағы бес жылдағы атқаратын жұмыстарымыздың өзегі. Аудандық филиал төрағасы бізге бүгін үлкен міндет жүктеді. Сайлауалды бағдарламаның жоспарлы жүзеге асырылуына үлес қосу, жұмыстардың атқарылуына бақылау жасау, тиісті сала басшыларымен өзара бірлесе жұмыс жүргізе отырып, олардың есептерін тыңдау, өз міндетіне жауапкершілігін төмендеткен жауапты адамдарды фракция отырысында қарау - алдағы атқаратын жұмыстарымыз болады. Халық қалауымен, көпшілік дауыспен жеңіп шыққан партия беделін түсірмеу үшін барлық фракция мүшелерін белсенділікпен жұмыс атқаруға шақырамын. АБЫЛГОЖИНА САУЛЕШ- фракция мүшесі
