ШҚО-да Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы талқыланды.
Жол картасын талқылауға арналған облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясы депутаттарының отырысы өтті.«Nur Otan» Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жобасына өңір тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелердің шешімі енгізілгенін атап өтті.Жол картасы өткен жылдың 17 қарашасында облыстық филиалдың кезектен тыс ХХIV конференциясында қабылданған партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде бес жылға әзірленді.«Жол картасында өңірді дамытудың 7 басым бағыты айқындалған», —деді Даниал Ахметов.Өндірістерді іске қосу және кеңейту, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті дамыту үшін 149 мың жұмыс орнын құру ж…


