Yvision.kz
ru
Разное
399 774 жазбалар42 тіркелуші
Всяко-разно
0
10:23, 16 ақпан 2021

Партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасы таныстырылды

Павлодарда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасы таныстырылды

Партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде әзірленген Жол картасы «Nur Otan» облыстық фракциясының отырысында қаралды.

Өңірлік Жол картасы әлеуметтік прогреске және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар кешенін қамтыды. Құжат негізіне 2025 жылға дейін жеті бағыт бойынша 130-дан астам іс-шараны іске асыру кіреді.

2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін өңірде 60 инвестициялық жоба іске асырылатын болады:

- білім беру объектілерін салу: 5 жаңа мектеп және жұмыс істеп тұрған мектептерге 5 жапсарлас құрылыс,

- Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы: 2021 жылы 2 аурухана,

- жолдарды салу және жөндеу, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау объектілерін реконструкциялау,

- 2021 жылы 29 спорт нысанының және 1 мәдениет нысанының құрылысы.

- Бүгін тұрғындар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы барлық қажетті ресурстармен нығайтылды. Құжатта нақты бағыттар, нақты салалар мен нысандар көрсетілген, - деп атап өтті партияның облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов.

Отырыс барысында депутаттық фракцияның жетекшісі, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко Жол картасы өңірде ірі жобаларды жүзеге асыруды көздейтінін атап өтті. Өнеркәсіп саласында шыны өндіретін зауыт салу жоспарлануда. Тұрғын үй құрылысы саласында өңірде 12 мың пәтерлік 360 тұрғын үй салынады, «Сарыарқа» шағын ауданының құрылысы аяқталады және «Достық», «Затонский» шағын аудандарының құрылысы басталады.

Бұдан басқа, алдағы бес жылда облыста гибридті операция жасау бөлмелерін ашу, кардио және нейрохирургиялық қызметтерді кеңейту және инфекциялық бөлімшенің жаңа корпусын салу жоспарлануда. Осы және басқа да нақты жобалар Жол картасына енгізілген.

«Nur Otan» фракциясының барлық 26 мүшесіне партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол картасының 131-тармағын орындау және бақылау жүктелді.

Отырыс соңында фракция мүшелері болып депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Нұрханованы және «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы Президиумының мүшелерін сайлады, сондай-ақ облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз-қызметі

0