Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Қызылордада алдағы 5 жылда 5000 отбасы тұрғын үймен қамтылады

Бүгін, Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтіп, онда алдағы 5 жылда өңірді дамытуға бағытталған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасы қаралды.Фракция отырысына арнайы қатысқан облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бағдарламаның негізгі тұстарын атап өтіп, негізгі міндеттерге тоқталды.«Сайлауалды үгіт кезеңінде еліміз бен өңірлерді дамытуды көздейтін партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасы тұрғындарға кеңінен насихатталды. Бағдарламада нақты орындалу мерзімдері көрсетілген шаралар тұрғындардың қолдауына ие болып, сайлауда партияның басым дауыс алуына мүмкіндік берді. Біздің алдымызда…

0
0
195

Инвестицияларды тарту бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті

2021 жылғы 18 ақпанда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің қатысуымен облысқа инвестицияларды тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету жөніндегі өңірлік кеңесінің отырысы өтті.

Онлайн режимде инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысында құю өндірісінің құрылысы, ауыл шаруашылығы өндірістік-өткізу тізбегін ұйымдастыру, керамзит қиыршықтасын өндіру зауытын салу, спорт залын салу, балық өсіру бойынша агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру бойынша жобалар таныстырылды.

Кеңес соңында жобаларды іске асыру негізгі капиталға инвестициялар көлемін арттыруға мүмкіндік береді және облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға үлес қосады деп атап өтілді.

0
0
341

Ардагерлерді ардақтайық

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында ескерткіштерді, мемориалды тақталар, жалғыз басты соғыс ардагерлерінің, олардың жесірлерінің үйлерінің айналасын тазалау жұмыстары өткізілді.

0
0
111

қоғамдық қабылдау

Бүгін «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық маслихат депутаты К.Ирменов санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудан тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген аудан тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша заң аясында түсінік беріліп, оң шешілуіне ықпал жасалатындығы жеткізілді.

0
0
146

Павлодар облысында «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді

Павлодар облысында «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді ⠀ Облыстық филиал төрағасы, өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен партияның Павлодар облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында бекітілген «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы - бұл таяудағы бес жылға арналған өңірді дамыту мен іс-қимылдың нақты жоспары. ⠀ Отырыс барысында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Илья Теренченко аталған Жол картасы өңірдегі ең өзекті мәселелерді қамтитынын атап өтті. ⠀ - Жол картасында облыс тұрғындарының ұсыныстары мен тілектері ескерілген. Барлық тапсырмалар кезең-кезеңмен және уақтылы орындалады. Бүгін Саяси кеңестің Өңірлік Бюросының мүшелері партияның сайлауалды ба…

0
0
193

Г. Нұрханова азаматтарды жеке қабылдауын өткізді

18 ақпан күні Павлодар облыстық мәслихаттың «Nur Otan» фракциясының мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлмира Нұрханова барлық қауіпсіздік талаптары мен санитарлық нормаларды сақтай отырып, азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. ⠀ Қабылдау барысында депутатқа Павлодар қаласының тұрғыны К. Абылғазиев жүгінді. Жалғызбасты зейнеткер ЖШС ​ «Жылу желілері» жылу желілеріне қосылуға құжаттар жинауды ұйымдастыруға көмек сұрады. ⠀ Өткізілген қабылдау нәтижелері бойынша депутат Гүлмира Нұрханова ЖШС "Жылу желілері" құжаттарды жинауға және тапсыруға көмек көрсетті. Мәселені одан әрі шешу бақылауға алынды ⠀ Естеріңізге сала кетейік, «Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі мекен-жай бойынша жазылуға болады: Кривенко көшесі 25А тел: 61-80-99 WhatsApp: 87…

0
0
144

«Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өтті

Шараға аудандық әділет басқармасының басшысы Ренат Каримов, аудандық партия филиалының қызметкерлері қатысты. Аталған кездесу барысында тұрғындарға, азаматтар мен заңды тұлғаларға арнайы құқықтық көмектер, сонымен бірге қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер берілді.

0
0
161