Павлодар облысында «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді
Павлодар облысында «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді
⠀
Облыстық филиал төрағасы, өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен партияның Павлодар облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында бекітілген «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы - бұл таяудағы бес жылға арналған өңірді дамыту мен іс-қимылдың нақты жоспары.
⠀
Отырыс барысында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Илья Теренченко аталған Жол картасы өңірдегі ең өзекті мәселелерді қамтитынын атап өтті.
⠀
- Жол картасында облыс тұрғындарының ұсыныстары мен тілектері ескерілген. Барлық тапсырмалар кезең-кезеңмен және уақтылы орындалады. Бүгін Саяси кеңестің Өңірлік Бюросының мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық, 3 қалалық және 10 аудандық Жол карталарын бірауыздан бекітті, - деп атап өтті Илья Теренченко.
⠀
- Жол картасын іске асыру аясында алдағы бес жылда 45 мың жаңа жұмыс орнын құру және облыста 12 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Павлодар облысының әрбір қаласын, ауданын және ауылын жан-жақты дамыту көзделеді. 2025 жылға қарай 9 мыңнан астам әлеуметтік осал азаматтар жеке тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ өңірде 1,6 мың км жол жөнделеді.
⠀
Құжатта тұрғындардың мүдделері ескерілген, сондықтан партияның сайлауалды бағдарламасының әрбір тармағын бақылау өте маңызды. Жол картасының нақты тармақтарын бақылауды күшейту мақсатында Саяси кеңес Бюросының отырысында барлық депутаттар, «Nur Otan» фракциясының мүшелері нақты бекітілді.
⠀
«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз-қызметі