2021 жылғы 18 ақпанда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің қатысуымен облысқа инвестицияларды тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету жөніндегі өңірлік кеңесінің отырысы өтті.
Онлайн режимде инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысында құю өндірісінің құрылысы, ауыл шаруашылығы өндірістік-өткізу тізбегін ұйымдастыру, керамзит қиыршықтасын өндіру зауытын салу, спорт залын салу, балық өсіру бойынша агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру бойынша жобалар таныстырылды.
Кеңес соңында жобаларды іске асыру негізгі капиталға инвестициялар көлемін арттыруға мүмкіндік береді және облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға үлес қосады деп атап өтілді.