
Қоғамдық қабылдау
Облыстық мәслихат депутаты Мырзахметова Асел тұрғындарды қабылдады
Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Мырзахметова Асел тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Қабылдауға жол мәселесі бойынша қала тұрғыны жолықты. Қала тұрғыны үй маңында жаяу жүргіншілерге арналған жол мен тротуардың жоқтығы мәселесін көтерді. Өтінішін жауапты органдарға жолданып, заңнамалық тұрғыда кеңестер берілді.Сонымен қатар онлайн қабылдауда жұмыссыз жалғыз басты ана көмек сұрады. Ананы негізгі мазалайтын мәселе – жұмыссыздық. Тұрғынға жұмыссыздық мәселесі бойынша тиісті мемлекеттік ұйымдарға жолығып, кеңес алуға ұсыныс берілді және 4 жасар баласын мемлекеттік бала-бақшаға орналастыру үшін қалалық білім беру бөліміне өтініші жолданды. Үйге кезекке тұрып,…
Аудан әкімінің қоғамдық қабылдауы өтті.
Бүгін Ақжайық аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының мәжіліс залында бекітілген қабылдау кестесіне сай, аудан әкімі - Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетовтың қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері - тұрғын үй, жұмыс мәселесі бойынша болды. Барлық сұрақтар бойынша Қалияр Айтмұхамбетов заң аясында түсінік беріп, Чапаев ауылдық округінің әкімі Нұртаза Нәбиденовке және Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбек Замеровке тұрғындардың сұрақтары бойынша жұмыстануға тапсырма берілді.
Алматы қаласы бойынша Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы
Nur Otan Алматыда сайлауалды уәделердің орындалуын бақылайтын болады
Алматы қаласы бойынша"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы
"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы
Сарыарқа орта мектебінің Кайынбаев Максат жетекшілік ететін Еріктілер ұйымы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында жалғызбасты зейнеткер Смагулова Рятимаға ауласындағы қарды күреп, көмек көрсетті.

Аягөзде "Шаңырақ" бағдарламасы басталды
«Біздің депутаттар» жаңа айдары-облыстық мәслихат депутаты Мукаев Мұрат Рахметұлы
Қайырлы күн, құрметті достар!Сіздерді облысымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Мукаев Мұрат Рахметұлы.1969 жылы 19 ақпанда БҚО, Қазталов ауданында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын және Каспий қоғамдық университетін тәмамдаған.Еңбек өтілін Фурманов ауданының салық инспекциясынан есеп инспекторы болып бастаған. Кейіннен екінші деңгейлі банкттерде түрлі қызметте болған. Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде инспекторден бастап, басшының орынбасары болды. Содан кейін:- Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі (28.06.2013-05.2016);- Батыс Қаза…