Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Бақытты отбасы партиялық жобасы бойынша үлгілі отбасы таныстырылымы

Қызылоба ауылдық округінде «Nur Otan» партиясының көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытындағы «Бақытты отбасы » жобасы аясында біраз іс –шаралар атқарылуда. Көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасылар мәселесі үнемі назардан тыс қалып көрген жоқ.Мемлекетімізден беріліп жатырған жәрдемақылар мен жеңілдіктер уақытылы беріліп қабылданған заң жобалары хабардар (түсіндіріліп) етіліп тұрады.Үстіміздегі жылы үш көп балалы ана, екі аз қамтылған отбасы өз бизнес жоспарларын жасақтап қайтарымсыз несие яғни грант ұтып алды. Солардың бірі көп балалы ана «Күміс алқа » иегері Мылхайдарова Напиха Мизамғалиқызына тоқталып өткім келеді. Напиха жолдасы Айтқали екеуі алты бала : 4 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірген. Отағасы Айтқали жастайынан еңбекке араласқан жоқтан бар жасайтын ең…

1
0
225

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ партиялық жобасы жақсы жүзеге асуда

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!

"Nur Otan" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында, "Мастексай" БПҰ төрағасы Ержан Нағымұлы,денсаулық саласының маманы Шынар Аязбайқызы

ауыл қарияларының денсаулықтарын тексеріп,қал- жағдайларын біліп, «Дария құмсыз болмас, Қария мұңсыз болмас» дегендей ақ сақалды аталарымыздың, ақ шашты әжелеріміздің мұңымен бөлісіп, өтініш-тілектерін тыңдап, ақ баталарын алып қайтты.

1
0
155

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы бойынша көмек көрсетілді

" Nur Otan" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында ауылымыздың жалғыз басты зейнеткері Н.Гумарованың ауласын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.

1
0
152

Аудандық филиал төрағасының қабылдауы

Аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Н.Қарағойшин 20 ақпан күні сағат 10:00 де "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдайды.

Алдын ала жазылу үшін📷

8711-41-21-8-83

8747-282-14-94 нөмірлеріне хабарлассаңыз болады.

1
0
139

Бақытты отбасы партиялық жобасы бойынша үлгілі отбасы таныстырылымы

«Nur Otan» партиясының көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасы аясында атқарылуға байланысты іс-шара бойынша ауылымыздағы көпбалалы отбасы Жасқалам әулетін көпке үлгі етеміз.«Адамды адам еткен – еңбек» дегендей елге ердің танылуы еңбектің арқасында.Сол еңбегімен елге үлгі болып отырған ауыл азаматы, өз кәсібін жетік меңгеріп, кәсібін дамытып,5 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған аяулы әке Ибрашев Ерболат Жаскаламұлы.Жастайынан еңбекқор,нарықтық заманда отырып қалмай, еңбектенген ол, қазіргі уақытта үлкен кәсіпкер,үлгілі отағасы.Еңбек жолында осындай жетістікке жету оңай жолмен келмеді,үлкен ізденіспен,табандылықтың арқасы.Жеке кәсіппен айналысып «Жасқалам» тойханасы мен 2 азық -түлік дүкені халыққа қызмет жасауда.Отбасының ұйытқысы ауылд…

1
0
260

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында медициналық қызмет көрсетілді.

Nur Otan партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында С. Меңдешев ауылдық округінде қарияларға тегін дәрі - дәрмек жеткізіліп, медициналық қызмет көрсетілді.

1
0
144