«Nur Otan» партиясының көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасы аясында атқарылуға байланысты іс-шара бойынша ауылымыздағы көпбалалы отбасы Жасқалам әулетін көпке үлгі етеміз.
«Адамды адам еткен – еңбек» дегендей елге ердің танылуы еңбектің арқасында.Сол еңбегімен елге үлгі болып отырған ауыл азаматы, өз кәсібін жетік меңгеріп, кәсібін дамытып,5 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған аяулы әке Ибрашев Ерболат Жаскаламұлы.Жастайынан еңбекқор,нарықтық заманда отырып қалмай, еңбектенген ол, қазіргі уақытта үлкен кәсіпкер,үлгілі отағасы.Еңбек жолында осындай жетістікке жету оңай жолмен келмеді,үлкен ізденіспен,табандылықтың арқасы.Жеке кәсіппен айналысып «Жасқалам» тойханасы мен 2 азық -түлік дүкені халыққа қызмет жасауда.Отбасының ұйытқысы ауылдастарына жақсылық жасаудан шет қалған емес, қиналған жанға қол ұшын беруден тартынбайды.Ауылдастарының басына түскен қайғыға ортақтасып, отбасы жағдайына қарай тойханасы, қазаның асын беруде ақысыз қызмет көрсетеді,зейнеткерлерге тегін мал азығынан көмектеседі, түрлі қайырымдылық акцияларының белсенді қатысушысы,4 отбасын жұмыспен қамтып отыр.Өзінің көрегенділігімен,парасаттылығымен,адамгершілік қасиеті жоғарылығымен ауылдастары арасында үлкен беделге ие. Жары Гулжамал да отбасы тірлігіне терең араласумен бірге,отағасына қолқабыс тигізіп еңбектің қазанында бірге қайнап, кәсіпкерліктерін дамытуда.Міне осындай берекелі де ,бірлігі мен тірлігі жарасқан көпбалалы отбасы қай қоғамдада үлгі болған.Отбасы – қоғамның өзегі, дәнегі. Іргесі мықты отбасылар қоғам өмірін көркейтеді. Бұл отбасы тәрбиесінде ата-ананың өзіндік орны бар екенін білдіреді. «Ер кісі отбасының бақташысы. Сондықтан ол қол астындағыларға жауапты» дегендей, балалары алдындағы міндеттері кіршіксіз атқарылса,отбасында рухы мықты балалар тәрбиеленіп шығады.Қазіргі кезде балаларының алды студент, шаруашылығына көмегін тигізетін жағдайға жетті.Ақ жаулықты аналары қастарында,әже тәрбиесін, әженің ертегісін тыңдап өскен ұрпақтар рухани байып отырған, сондықтан балалар да бақытты деп ойлаймыз.Киелі отбасыға айналған Ерболаттың ұрпақтарына өмірден алатын өзіндік орны бар, үлгі боларлықтай рухани бай, өнегелі болуларын тілейміз. Ендеше басқаларына үлгі боларлықтай отбасыларымыз көбейіп, қазақы болмысымызды сақтайтын, дәстүрімізді дәріптейтін, салиқалы да салмақты ұрпақтарымыз өсе берсін демекпіз.