ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Бақытты отбасы партиялық жобасы бойынша үлгілі отбасы таныстырылымы

Қызылоба ауылдық округінде «Nur Otan» партиясының көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытындағы «Бақытты отбасы » жобасы аясында біраз іс –шаралар атқарылуда. Көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасылар мәселесі үнемі назардан тыс қалып көрген жоқ.Мемлекетімізден беріліп жатырған жәрдемақылар мен жеңілдіктер уақытылы беріліп қабылданған заң жобалары хабардар (түсіндіріліп) етіліп тұрады.

Үстіміздегі жылы үш көп балалы ана, екі аз қамтылған отбасы өз бизнес жоспарларын жасақтап қайтарымсыз несие яғни грант ұтып алды. Солардың бірі көп балалы ана «Күміс алқа » иегері Мылхайдарова Напиха Мизамғалиқызына тоқталып өткім келеді. Напиха жолдасы Айтқали екеуі алты бала : 4 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірген. Отағасы Айтқали жастайынан еңбекке араласқан жоқтан бар жасайтын еңбекқор азамат. Напиха мен Айтқали екеуі еңбекқорлықтарымен қатар бала тәрбиесіне де қатты көңіл бөлген жандар.Қолдарындағы азын – шоғын малдарын өсіріп балаларының жоғары білім алып білімді адал азамат болуларына барлық күштерін сарп етті. Үлкен қызы Гүлмира М.Оспанов атындағы Ақтөбе медициналық университетін «Мейірбике ісі » мамандығы бойынша бітіріп қазіргі уақытта Орал қаласындағы «Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде » мейірбике ісі факультетінің оқытушысы.қызы Гүлайым Орал қаласы БҚМУ –нің «мәдениет және өнер» факультетін бітірген.Қызы Жұлдыз БҚМУ –нің «Химия - биология» факультетінің 3 курс студенті. Бәрі де грант иегерлері. Ұлы Берік Орал қаласында жұмысшы. Екеуі мектеп жасында. Бүгінде Напиха анамыз келін түсіріп ,немере сүйіп әже атанып отырса да заман ағымынан қалмай былтырғы жылы тігіншілікпен айналысып болашақта тігін ательесін ашсам деген мақсатта бизнес жоспар жасап грант ұтып алған болатын.Өз бетінше онлайн курстарға қатысып тігіншіліктің қыр – сырын үйреніп жүр. Грант алғанына аз ғана уақыт болса да маска тігіп, киімдерге замок салып, шалбарлардың балағын қысқартудан бастап,көрпе көпшік тыстары және құрақ – көрпе көпшіктерді де тігуде Қазіргі кезде ауылдастарынан сұраныс көптеп түсуде. Адам неше жаста болса да алдына мақсат қоя білу керек.Мақсатсыз өмір сүру мәнсіз,мағынасыз өмір.Мақсат адамды алға жетелейді.Мақсатқа жету бұл өз-өзіңді жетілдіру, тұлғаның дамуы жаңа деңгейге өту. Олай болса біз де Напиха Мизамғалиқызының бастаған ісіне береке,әр күніне сәттілік тілеп алға қойған мақсаттарының орындалатынына сенеміз.