Жыл сайын өңірлерде кемінде мыңнан астам мектеп жаңғыртылады – Тоқаев бағдарламасы
✅Жыл сайын өңірлерде кемінде мыңнан астам мектеп жаңғыртылады – Тоқаев бағдарламасы📍Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Шымкент қаласының жұртшылығымен, жас ғалымдармен және кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу өткізді.✔️Ақсақалдармен, зиялы қауым өкілдерімен және белгілі қоғам қайраткерлерімен кездесуде кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды.🗣«Әділетті Қазақстанды құрудың негізінде ағартушылық құндылықтар жатыр. Елімізде барлық балалар тұрғылықты жері мен оқу тіліне қарамастан, іргелі білімге және жайлы білім беру инфрақұрылымына теңдей қол жеткізе алады. Алдағы 7 жылда оқуға қолайлы жағдайы бар 1,5 миллион оқушы орны ашыл…












