♾Тоқаевтың жақтастары Атыраудағы «Дәулет» индустриалды аймағына барды
⏺Республикалық қоғамдық штаб мүшелері, Қазақстан Халық партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Асхат Асылбеков, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманжол Әлтай және Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат Наталья Дементьева, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Сәлжанов мекеме қызметкерлерімен кездесіп, жұмыстарымен танысты.

🗣«Бұл өңірдің экономикасында аталмыш мекеменің алар орны ерекше. Халықты таза өніммен қамтамасыз етіп отырған мекеменің өсіп-өркендегі жақсы. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік салаға қолдау көрсетіп, оның дамуы үшін жағдай жасайтынын жеткізді. Бұл - өте игі бастама деп есептеймін. Сондықтан жарқын болашақ үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырамын»,- деді Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Ерлан Саиров.

⏺Айта кету кереу, «Дәулет су» ауызсу, «Карат» консервілік және «Дәулет» макарон цехы, сонымен қатар «Дәулет нан» наубайханасы және «Daulet» асфальт-бетон зауыты секілді ірі жобалардан тұратын мекемеде қазір 140-қа жуық адам жұмыс істейді. Кездесуде кәсіпорын қызметкерлері алдағы саяси науқаннан қалыс қалмай, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтындарын жеткізді.
#Toqaev2022
#ДауысберТоqaev2022
#ГолосуйЗаToqaev2022
