Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

📷Тоқаевтың елордадағы жақтастары үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда

📷ҚР Президенттігіне Халықтық коалиция атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана қаласындағы қоғамдық штабының өкілдері «Seed» жеке меншік мектебінің ұжымымен кездесті. Олар ұстаздар қауымына кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үнпарақтар таратты.

📷Жиынға қалалық мәслихат депутаты Ерлан Дәкенов, «Smart technological school» ЖШС бас директоры Динара Құдайқұлова және «AMANAT» партиясы Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық филиалының атқарушы хатшысы Руслан Қонақбаев қатысты.

📷Мемлекет азаматтардың білімі үшін тікелей жауапты. Оның ішінде білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік те ерекше назарда.

📷Мәслихат депутаты Ерлан Дәкенов Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құрудың үш негізгі қағидаты: ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ - ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА - ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ құруға негізделген сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ұстаздарға, мектеп оқушыларына қатысты тұстарына ерекше тоқталды.

📷Сөз соңында олар 20 қарашадағы Президент сайлауына белсенді қатысуға және кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырып, ұстаздарға сәттілік тіледі

#Toqaev2022

#ДауысберТоqaev2022

#ГолосуйЗаToqaev2022

0
0
213

Осы тақырып бойынша

📷Тоқаевтың елордадағы жақтастары үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда - Yvision.kz