Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы»

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Сағи Әжібек: «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтар зейнетақы жасына жеткенде зейнетақы төлемдерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алуға құқылы немесе зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда өмірді сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитетін сатып алу арқылы төлемдер ала алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдер зейнетақы жинақтары біткенге дейін жүзеге асырылады, ал өмірді сақтандыру компаниясынан төлемдер алдын-ала нақты белгіленген мөлшермен өмір бойы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, зейнетақы аннуитеті бойынша тер адамдар 55 жасқа, әйелдер 52 жасқа толғаннан бастап төлемдер жасалынады».

1
0
143

"Nur Otan" партиясының белсенді мүшелері Алғыс хаттармен марапатталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалында, партияның сайлауалды штабында белсенділік танытқан аудан партия мүшелері «Nur Otan» партиясының төрағасы - Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Қ.Байбектің Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиынды өткізген «Nur Otan» партиясының аудандық сайлауалды штабының төрағасы Қайырғазы Нұрлыбекұлы Алғыс хаттарды салтанатты түрде табыс етті.

0
0
155

"Nur Otan" партиясы тарапынан жалғыз басты ананың мәселесі оңтайлы шешілуіне ықпал етілді.

"Nur Otan" партиясының Абай аудандық филиалы тарапынан коғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау жұмыстары үнемі жүргізілуде. Аудан тұрғындары тарапынан әр-түрлі сұрақтар бойыша өтініштер қабылданып, тіркеледі. Атап айтқанда, 2021 жылдың 17 ақпанына дейін азаматтарды қоғамдық қабылдау бөлмесіне жиыны 15 өтініш келіп түскен. Оның ішінде: қанағаттандырылғаны - 6, мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті шешім қабылдау үшін жолданғаны - 3, түсіндірме жасалганы - 2 және қаралып жатқаны - 4. Партияның аудандық филиалы мен партиялықтарымыз өз құзыреттігіне сәйкес, және заң талабы аясында азаматтардың өтініштерінің оңтайлы шешілуіне бағытталған нақты іс-шаралар атқарады. Мысалы, Кеңгірбай би ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана, жанұясымен тұрып жатқан үйіне жөндеу жасау үшін материалдық көме…

0
0
235

Oблыстық мәслихат депутаты Серғалиев Нұрлан тұрғындарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Серғалиев Нұрлан тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Онлайн қабылдауға жазылған тұрғындар да болды. Тайпақ ауылының тұрғыны үй мәселесі жөнінде хабарласты. Жалғыз басты көп жылдан бері үй кезегінде тұрғандығын айтып, әлі күнге дейін еш көмек берілмей келе жатырғандығын баяндады. Тұрғынға осы мәселе бойынша толық анықтамалық түсініктемелер берілді. Облыстық мәслихат депутаты халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту жөнінде де кеңестер берді.Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылд…

0
0
123

Арқалық қаласының № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» орталығы ашылды

Арқалық қаласының № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» орталығы ашылды. Кітапхананың басшысы Қазына Байсабекққызы модераторы, орталықтың мақсаттары мен міндеттері жөнінде тоқталып өтті. Орталықтың негізгі мақсаты: азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылық идеологиясын ілгерлету, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасатылы құндылықтарды кеңінен насихаттау. Аталған іс-шараға Партия бақылау комиссиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбет, белгілі қолөнерішебері, өлкетанушы Шөптібай Байдилдин, «Арқалық қаласы әкімдігінің заң бөлімі» ММ басшысы Жасұлан Құсайынов, «Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы Олжас Өтегенов қатысты.

0
0
317

Қоғамдық қабылдау

Аудандық мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдау жалғасуда. Бүгің,24-ші ақпан күні Алтынай Абаевна бекітілген кестеге сәйкес, қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтарға заң аясында түсініктемелер мен кеңестер берілді.

0
0
129