Oблыстық мәслихат депутаты Серғалиев Нұрлан тұрғындарды қабылдады
Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Серғалиев Нұрлан тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.
Онлайн қабылдауға жазылған тұрғындар да болды. Тайпақ ауылының тұрғыны үй мәселесі жөнінде хабарласты. Жалғыз басты көп жылдан бері үй кезегінде тұрғандығын айтып, әлі күнге дейін еш көмек берілмей келе жатырғандығын баяндады. Тұрғынға осы мәселе бойынша толық анықтамалық түсініктемелер берілді. Облыстық мәслихат депутаты халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту жөнінде де кеңестер берді.
Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.
Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372
