"Nur Otan" партиясы тарапынан жалғыз басты ананың мәселесі оңтайлы шешілуіне ықпал етілді.
"Nur Otan" партиясының Абай аудандық филиалы тарапынан коғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Аудан тұрғындары тарапынан әр-түрлі сұрақтар бойыша өтініштер қабылданып, тіркеледі. Атап айтқанда, 2021 жылдың 17 ақпанына дейін азаматтарды қоғамдық қабылдау бөлмесіне жиыны 15 өтініш келіп түскен. Оның ішінде: қанағаттандырылғаны - 6, мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті шешім қабылдау үшін жолданғаны - 3, түсіндірме жасалганы - 2 және қаралып жатқаны - 4.
Партияның аудандық филиалы мен партиялықтарымыз өз құзыреттігіне сәйкес, және заң талабы аясында азаматтардың өтініштерінің оңтайлы шешілуіне бағытталған нақты іс-шаралар атқарады.
Мысалы, Кеңгірбай би ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана, жанұясымен тұрып жатқан үйіне жөндеу жасау үшін материалдық көмек көрсетуді сұраған өтініші қанағаттандырылды. Бұл азаматшаның мәселесі "Nur Otan" партиясының Абай аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, ауданымыздың құрметті азаматы, "Дерикар" ЖШС-нің бас директоры Битенов Тасболат Қажымұханбетұлының демеушілігінің арқасында шешімін тапты.
Тасболат Қажымұханбетұлына зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!
Осылай, ел игілігі үшін қызмет атқарып, халықтың ризашылығына ары қарай да бөлене беріңіз!