Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб 20 мыңнан астам іс-шара өткізді
📷Алматы қаласында өткен сайлаушылармен кездесуде Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 20 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткенін атап өтті.📷«Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары қалалардың, аудандардың және шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Жалпы, бір айға жетпейтін уақыт ішінде өткен үгіт-насихат шараларына 2 миллионнан астам қазақстандық қатысты», - деді Ерлан Қошанов.📷Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханаларының бірінде студенттермен өткен кездесу барысында штаб мүшелері кандидаттың жастар саясатын жетілдіру жөніндегі басымдықтарына назар аударды.📷Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары саясаттанушылармен және…












