Тоқаевтың жастарға арналған жоспарлары – Шәкіртақының 2 есе өсімі және 2,5%-дық несие
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханаларының бірінде студенттермен кездесу өтіп, оның барысында штаб мүшелері кандидаттың жастар саясатын дамыту жөніндегі басымдықтарына назар аударды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында ел жастары өзін дамытуы үшін оларға тең әлеуметтік-экономикалық мүмкіндік жасау мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие беру процесі іске қосылады. Студенттердің шәкіртақысы 2 есеге өседі. Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі шешіледі», – деді Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов.
Бұдан соң, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сарапшылармен және саясаттанушылармен бірге сайлауалды бағдарламаның саяси өзгерістерге, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған блогын талқылады.
Осы күні шағын орта бизнес өкілдерімен кездесу өтіп, оның барысында РҚШ мүшелері кандидаттың кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бастамаларын түсіндірді.
Алдағы 7 жылда мемлекеттің барлық күш-жігері кәсіпкерлікті ынталандыруға және қорғауға бағытталады.
Ел экономикасына 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тарту
Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының 4,7 миллион адамға дейін өсуін қамтамасыз етіледі.
Шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде РҚШ мүшелері кандидаттың тарихи мұраны сақтап қалу, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту бойынша ұсынған шараларын талқылады.
Сайлау науқаны басталғалы бері штаб мүшелері еліміздің барлық өңірінде 20 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шараларын өткізді.
#ДауысберТоqaev2022
