Сенгірбаев
Сайлау нәтижелерін талқылауға арналған Қоғамдық кеңестердің мүшелерімен ЛОМ-ның кездесуі
М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен

Сайлау нәтижелерін талқылауға арналған Қоғамдық кеңестердің мүшелерімен ЛОМ-ның кездесуі
М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша Тоқаев 81,31% дауыс жинады
Өзге кандидаттар бойынша:
Жигули Дайрабаев - 3,42%
Қарақат Әбден - 2,60%
Мейрам Қажыкен - 2,53%
Нұрлан Әуесбаев - 2,22%
Салтанат Тұрсынбекова - 2,12%
«Бәріне қарсы» — 5,80%
#ЖеңісToqaev2022 #ПобедаToqaev2022.
«Ашық қоғам» институты президент сайлауы бойынша Exit Poll нәтижесін жариялады:
Қарақат Әбден - 2,54%;
Нұрлан Әуесбаев – 2,17%;
Жигули Дайрабаев - 3,33%;
Мейрам Қажыкен - 2,23%;
Қасым-Жомарт Тоқаев - 82,45%;
Салтанат Тұрсынбекова - 2,08% дауыс жинаған.
Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты. Спикер өз даусын Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде берді.
– Біз барлық өңірді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көрдік. Сайлауға деген қызығушылығы жоғары. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты екенін түсінеді. Сондықтан бүгін сайлау учаскелеріне дауыс берушілер өте көп келеді деп ойлаймын. Мен еліміздің болашағы, тұрақты дамуы үшін дауыс бердім, – деді Е.Қошанов.
📷Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, кезектен тыс өтіп жатқан Президент сайлауында дауыс берді.📷Журналистер алдында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауы еліміз үшін тарихи күн екенін атап өтті.📷– Бүгін – өте маңызды, тарихи күн. Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беріп отырмыз. Шын мәнінде, биыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтардың бәрін еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер, мақсаттар бар. Атқаратын жұмыс әлі де көп. Саяси реформалар жүзеге асырылып жатыр. Жазда жалпыұлттық референдум өтті. Енді, міне кезектен тыс Президент сайлауы өткізіліп жатыр. Келешекте бұл жұмыстар жалғаса береді, – деді Қ.Тоқаев.📷Ол сөзін қорытындылай келе отандық және шетелдік бұқаралық ақпара…
Үгіт-насихат науқаны кезінде үміткерлерге тең мүмкіндік берілді. Олар аймақтарды аралап, сайлаушылармен еркін кездесті. Ақпарат құралдарын қалауынша пайдаланды.
Осылайша, сайлау алдындағы науқанды бәрі бірдей өткізуіне толық жағдай жасалды. Біз әкімшілік ресурстарды пайдаланбауға баса мән бердік. Бұған қатысты арыз-шағым болған жоқ. Барлығы заң аясында өтті. Бұл – өте маңызды.
Мен үгіт-насихат қана емес, дауыс беру және оны санау да толығымен заңға сәйкес өтетініне кепілдік бердім. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік органдарға, орталық және жергілікті сайлау комиссияларына қойылатын талап.
Халықтың әділ сайлау өткізуге деген ұмтылысы мен сенімін таптауға болмайды. Бұл – тарихтың алдындағы зор жауапкершілік.
t.me/toqaev2022
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшелері Өнер мектебі мен Музыкалық мектептiң қызметкерлерімен кездесті.
Қоғамдық штаб мүшесi, Облыстық мәслихаттың депутаты - Агаев Анвар Агаяр оглы , Ақжол партиясының мүшесі - Дүйсенов Серiк Чапайұлы және штаб жетекшісі О.Тулемисов сайлауалды бағдарлама бойынша өз ойларымен бөлiстi.
Шақырылған сайлаушылар Қ. Тоқаевты қолдайтындарын және сайлауға қатысатындарын айтты.
#Toqaev2022
#ДауысберТоqaev2022
#ГолосуйЗаToqaev2022





