Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Пандемия кезеңінде жетісулық нұротандықтар 29 мыңнан аса мұқтаж жанға көмек қолын созды.

Пандемия кезеңінде жетісулық нұротандықтар 29 мыңнан аса мұқтаж жанға көмек қолын созды Бұл жайлы, «Жетісу медиа алаңында өткен брифинг аясында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева мәлімдеді. Атап айстақ, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап «Covid-19» індетінің таралуына байланысты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Үндеуіне сәйкес елімізде жомарт жүректі азаматтардың демеушілігімен бірқатар жұмыстар атқарылды. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Жастар Отанға» жобалары негізінде «BIZ BIRGEMIZ» атты республикалық акция аясында Алматы облысы бойынша 318 889 601 теңгеге 29 607 мұқтаж жанға көмек көрсетілді. Оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасы, жалғыз басты қарттар, ерекше қа…

0
0
177

“Nur Otan” партиясы Көксу аудандық филиалына 3 топ мүгедегі жағдайы төмен отбасы,

2-ші наурыз күні Көксу аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Бейсенов және филиал эксперті Ә.Айтқазы, облыстық мәслихат депутаты Шеңгелбаев Секенбай Сейтжанұлы өз тараптарынан жағдайы төмен отбасыға демеушілік көмек қолын созып шатырын жаңарту үшін мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпалдасты.

0
0
109

1-наурыз Партия күні қарсаңында Үржар аудандық филиалында партияға салтанатты қабылдау рәсімі өтті..

1-наурыз Партия күні қарсаңында Үржар аудандық филиалында партияға салтанатты қабылдау рәсімі өтіп, «Nur Otan» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты. -Сіздерді алда кележатқан, 1- наурыз Партия күнімен және Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер партия қатарына қосыла отырып алдағы уақытта партиялық бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылуына үлкен үлес қосатындарыңызға сенемін- деді аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Роза Сүлейменқызы.

16
0
168

Ақшаны орынды жұмсап үйреніңіз!

Әрбір адам бала кезінде "Бай болғым келеді" деп армандаған болар. Бұл арманыңыз әлі де көкейіңізде болса, бай болуға деген ұмтылысты бүгін бастаңыз. Ол үшін сізге көп ақша табу міндетті емес, жай ғана қаражатыңызды орынды жұмсап үйрену қажет: 1. Әрдайым тапқан табысыңыздан аз ақша құртып үйреніңіз. Мысалы, айына 100 мың тапсаңыз, 80 мыңын ғана құртыңыз. Қалған 20 мыңын ай сайын жинап отырсаңыз, жылдың соңында сізде артық 240 мың теңгеңіз болады.2. Күннен күнге қымбаттап бара жатқан затты сатып алыңыз.3. Керісінше, арзандап бара жатқан затты сатып алмаңыз.4. Алдымен негізгі маңызды қажеттіліктеріңізді түгелдеңіз. (Күнделікті жүріс-тұрыс, тамақ, үйдің шығындары және т.б.).5. Заттың сатып алғандағы бағасын емес, оны ары қарай күту бағасын ескеріңіз. Мысалы, автокөлікті жақсылап ойланып, саты…

0
2
326

Барша қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз. ⠀

Алғыс айту күні – елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған салтанатты күн. ⠀ Бұл тағдыр тәлкегімен қазақ жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этнос өкілдерінің қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Тәуелсіз еліміздің 30 жылдық мызғымас іргесін бірге қалап келе жатқанымыз осының айқын дәлелі. ⠀ Бұл мереке қазақ жерінде өмір сүріп, еңбек етуші әрбір ұлт өкілін біріктіруші алтын арқауға айналсын! Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, береке-бірлік, сәттіліктер мен толайым табыстар тілейміз!

0
0
467